---
title: "Қала дамуы: Тоқаев инфрақұрылым мен тұрғын үй саясатын нақтылады"
description: "Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың дамуы бойынша маңызды шешімдер қабылдап, дамудың жаңа бағыттарын белгіледі. Полицентристік даму және қоршаған ортаны қорғау - басым бағыттар."
author: "akorda"
published: "2025-08-03T12:10:47+00:00"
modified: "2025-08-03T12:10:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-kalanyn-damuyna-katysty-nakty-tapsyrmalar-berdi-1016095"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-kalanyn-damuyna-katysty-nakty-tapsyrmalar-berdi-1016095/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қала дамуы: Тоқаев инфрақұрылым мен тұрғын үй саясатын нақтылады

> Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың дамуы бойынша маңызды шешімдер қабылдап, дамудың жаңа бағыттарын белгіледі. Полицентристік даму және қоршаған ортаны қорғау - басым бағыттар.

**Дархан Сатыбалды:**

➤ шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндады.

🟦 Биылғы бірінші жартыжылдықта қысқамерзімді экономикалық индикатор 11 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,4 пайызға артты.

➤ қаланың орталық бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға, инфрақұрылымды теңгерімді бөлуге және қалада жайлы орта қалыптастыруға бағытталған полицентристік даму барысы жөнінде мәлімет берді.

🟦 Аудандар арасындағы тиімді байланыс пен қоғамдық көлік қызметін жақсартатын транспорт жүйесін құру мәселесіне ерекше назар аударылды.

**Қасым-Жомарт Тоқаев:**

📌 шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды. Бұл шектеу Бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік нысандар мен туристік кластер жобаларына қатысты емес.

📌 Бас жоспарға табиғи ортаны қорғауды күшейтуге, қаланы жүйелі дамытуға және тау бөктеріндегі құрылыстың алдын алуға арналған өзгерістерді уақыт оздырмай енгізу міндетін жүктеді.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tokaev-kalanyn-damuyna-katysty-nakty-tapsyrmalar-berdi-1016095](https://yvision.kz/kk/post/tokaev-kalanyn-damuyna-katysty-nakty-tapsyrmalar-berdi-1016095)