---
title: "Қазақстан экономикасы: Тоқаев Citi банкпен бизнес перспективаларын сөз етті"
description: "Президент Тоқаев Citi банктің 30 жылдық серіктестігін атап өтіп, елдің экономикалық дамуына қосқан үлесін бағалады"
author: "akorda"
published: "2025-06-24T10:05:44+00:00"
modified: "2025-06-24T10:05:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-citi-banktin-strategiyalyk-zhosparlaryn-talkylady-1015248"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-citi-banktin-strategiyalyk-zhosparlaryn-talkylady-1015248/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан экономикасы: Тоқаев Citi банкпен бизнес перспективаларын сөз етті

> Президент Тоқаев Citi банктің 30 жылдық серіктестігін атап өтіп, елдің экономикалық дамуына қосқан үлесін бағалады

Қасым-Жомарт Тоқаев **Citi банктің клиенттермен жұмыс жөніндегі бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстон**мен кездесуде аталған қаржы ұйымының 30 жылдан аса уақыттан бері еліміздің сенімді серіктесіне айналғанына назар аударды

Президент Сiti банктің стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларға атсалысуы маңызды екенін айтты. Сондай-ақ оның шағын және орта бизнесті одан әрі қолдау жоспарын іске асыру Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал ететінін жеткізді.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tokaev-citi-banktin-strategiyalyk-zhosparlaryn-talkylady-1015248](https://yvision.kz/kk/post/tokaev-citi-banktin-strategiyalyk-zhosparlaryn-talkylady-1015248)