---
title: "Қазақстан мен Бразилия: Достық қарым-қатынастарды нығайту"
description: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваны мемлекеттік мерекемен жылы лебізбен құттықтады."
author: "akorda"
published: "2025-09-07T04:20:40+00:00"
modified: "2025-09-07T04:20:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-braziliya-prezidentin-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1016974"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-braziliya-prezidentin-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1016974/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан мен Бразилия: Достық қарым-қатынастарды нығайту

> Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваны мемлекеттік мерекемен жылы лебізбен құттықтады.

Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның төл мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтіп, тиімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты қызметіне табыс, ал Бразилия халқына құт-береке тіледі.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tokaev-braziliya-prezidentin-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1016974](https://yvision.kz/kk/post/tokaev-braziliya-prezidentin-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1016974)