---
title: "«Тобыл» футболшылары румыниялық клубтан жеңіліп қалды"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Румынияның «Клинчени» командасынан 0:2 есеб..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-16T22:54:49+00:00"
modified: "2014-02-16T22:54:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tobyl-futbolshylary-rumyniyaly-klubtan-zhe-ilip-aldy-400999"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tobyl-futbolshylary-rumyniyaly-klubtan-zhe-ilip-aldy-400999/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Тобыл» футболшылары румыниялық клубтан жеңіліп қалды

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Румынияның «Клинчени» командасынан 0:2 есеб...

[!\[«Тобыл» футболшылары румыниялық клубтан жеңіліп қалды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140216101009-300x184.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140216101009.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қостанайлық «Тобыл» футбол клубы Румынияның «Клинчени» командасынан 0:2 есебімен ұтылды, деп хабарлайды «Тобыл» клубының ресми сайты.

«Командалар бірінші таймды голсыз өткізді. Екінші кезеңде қарсыластар шаршаңқырап қалғанда, қауіпті сәттер көбейді. Осындай шабуылдарда румындық футболшылардың мерейі үстем болды», — делінген хабарламада. «Тобыл» үшінші оқу-жаттығу жиынын аяқтады. «Клинченимен» болған матчта қостанайлықтардан 8 ойыншы қатысқан жоқ. Ненад Шливич пен Никола Тонев жарақаттардан кейін өздерінің алғашқы ойындарын өткізді. Екеуі де бір-бір таймнан доп тепті. «Келесі жиында біздің команда толық құраммен шығатын болады. Сол кезде ойыншылардың нәтижелерін көреміз», — дейді «Тобыл» клубының спорттық директоры Константин Гальченко.

Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224) [!\[«Тобыл» футболшылары румыниялық клубтан жеңіліп қалды\](http://www.inform.kz/img/ico_twitter.png)](https://twitter.com/inform_zhas)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tobyl-futbolshylary-rumyniyaly-klubtan-zhe-ilip-aldy-400999](https://yvision.kz/kk/post/tobyl-futbolshylary-rumyniyaly-klubtan-zhe-ilip-aldy-400999)