---
title: "Тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» Кубогі үшін турнир өтті"
description: "Тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» Кубогі үшін Әбілда Ақшора..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-09-03T09:23:29+00:00"
modified: "2015-09-03T09:23:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-yz-mala-tan-aza-stan-respublikasy-to-yz-mala-sporty-federaciyasy-kubogi-shin-turnir-tti-536049"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-yz-mala-tan-aza-stan-respublikasy-to-yz-mala-sporty-federaciyasy-kubogi-shin-turnir-tti-536049/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» Кубогі үшін турнир өтті

> Тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» Кубогі үшін Әбілда Ақшора...

[!\[Тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» Кубогі үшін турнир өтті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150831_181610-1_resized-286x300.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/09/20150831_181610-1_resized.jpg)

Тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» Кубогі үшін Әбілда Ақшораевтың 80-жылдығына арналған ашық республикалық турнирі, 2015 жылғы 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Тараз қаласында өтті. Турнирге Қазақстан Республикасының 10 облысынан (Жамбыл, Маңғыстау, БҚО, Алматы облысы, Ақтөбе, ОҚО, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлолар) және Қырғыз Республикасынан барлығы: 16 командадан, 102 спортшы қатысты. Оның ішінде: хдсш-11, сш-26, сшк-45, І дәрежелі-16. Турнир 9 турдан швейцар жүйесімен жекелей-командалық есепте өткізілді.

Турнирдің қорытындысы бойынша жекелей есепте, ерлер арасында:

І орын – Нұрбек Қабиев (Ақтөбе);

ІІ орын – Серік Ақтаев (ОҚО);

ІІІ орын – Жанат Қаймолдин (Павлодар).

Жекелей есепте, әйелдер арасында:

І орын – Қымбат Нөсерова (Қостанай);

ІІ орын – Салтанат Сапарбекова (ОҚО);

ІІІ орын – Диана Кенина (Ақтөбе).

Командалық есепте:

І орын – Павлодар облысы;

ІІ орын – Ақтөбе облысы;

ІІІ орын – Қостанай облысы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/to-yz-mala-tan-aza-stan-respublikasy-to-yz-mala-sporty-federaciyasy-kubogi-shin-turnir-tti-536049](https://yvision.kz/kk/post/to-yz-mala-tan-aza-stan-respublikasy-to-yz-mala-sporty-federaciyasy-kubogi-shin-turnir-tti-536049)