---
title: "Тоқтар Төлешов жайлы жаңа деректер."
description: "Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталға..."
author: "omarali"
published: "2016-07-14T00:20:30+00:00"
modified: "2016-07-14T00:20:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-tar-t-leshov-zhayly-zha-a-derekter-702240"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-tar-t-leshov-zhayly-zha-a-derekter-702240/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқтар Төлешов жайлы жаңа деректер.

> Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталға...

![Тоқтар Төлешов жайлы жаңа деректер.](https://storage.yvision.kz/images/user/omarali/Uun6PlK4E9VwobekI402SMdbVCk863.jpg)

Белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді.

Іс мұнысымен біте қоймады. Тергеу барысы көрсеткендей, Төлешовтің ұйымдасқан қылмыстық тобы бірнеше адамды өлтіргендігі, кісі ұрлау және адамдарды соққыға жыққандығы анықталған. Азаптаулар мен қинауларды Төлешовтің бұйрығымен фотоға және видеоға түсіріліп отырған. Бұл деректі мәліметтер тінту барысында анықталып, іс материалына жіберілген. Түсірілген адамдар анықталды және олар куәгер әрі жәбірленуші ретінде сотта куәлік беретін болады.

Тағы бір ақпарат,

Төлешов қылмыс әлемінің дөкейлерін ұзақ уақыт бойы қаржыландырған. Шетелдегі "Братский круг" сияқты белгілі қылмыстық трансұлттық қауымдастықтың лидерлері мен басты тұлғаларын қаржыландырып келгені және байланыста болғаны анықталды.

Оның тұрақты байланыста болған адамдарының ішінде қылмыс әлемінің лидері саналатын, лақап аты Дед Хасан, Жора Ташкентский деген лақап аты бар Георгий Сорокин, Гафур Рахимов (лақап аты Черный Гафур ), Нозин Джумаев (лақап аты Максим Бухарский), Ільяс Сұлтанов (дядя Ильяс) бар. Тергеу барысында Төлешовтен бұл адамдарға Рахимов пен Жұмаевтың қатысуымен ірі көлемде қаражаттың жиі жеткізіліп отырғаны туралы нақты дәлелдер алынды

 

Браткий кругтың басты көсемдерінің бірі Гафур Рахимов, лақап аты Қара Гафур Тоқтар Төлешовпен бірге.

![Тоқтар Төлешов жайлы жаңа деректер.](https://storage.yvision.kz/images/user/omarali/JjFEYCy818mgV4uxd0Jy248gmtTOdm.jpg)

Нозим Джумаев пен Тоқтар Төлешов

![Тоқтар Төлешов жайлы жаңа деректер.](https://storage.yvision.kz/images/user/omarali/ROt31h48sxTBuMC0kEQoHwiqL80dNG.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/to-tar-t-leshov-zhayly-zha-a-derekter-702240](https://yvision.kz/kk/post/to-tar-t-leshov-zhayly-zha-a-derekter-702240)