---
title: "Тоқаевтың Сингапурға сапары барысында қандай..."
description: "Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойылды. Сөйтіп, Сингапурда мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттар бекітілді: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-23T08:03:11+00:00"
modified: "2024-05-23T08:03:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-aevty-singapur-a-sapary-barysynda-anday-zhattar-a-ol-oyyldy-1004912"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-aevty-singapur-a-sapary-barysynda-anday-zhattar-a-ol-oyyldy-1004912/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаевтың Сингапурға сапары барысында қандай...

> Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойылды. Сөйтіп, Сингапурда мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттар бекітілді: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур...

*Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аясында бірнеше құжатқа қол қойылды. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/13162070648f9694561ebe16f9d992.jpg)

Сөйтіп, Сингапурда мынадай мемлекетаралық және ведомствоаралық құжаттар бекітілді: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Сингапур Республикасының Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы құқықтық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сингапур Республикасының Білім министрлігі арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 6. Қазақстан стандарттау және метрология институты мен Enterprise Singapore компаниясы арасындағы Сингапур стандарттарын тарату және аудару жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.

[t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/to-aevty-singapur-a-sapary-barysynda-anday-zhattar-a-ol-oyyldy-1004912](https://yvision.kz/kk/post/to-aevty-singapur-a-sapary-barysynda-anday-zhattar-a-ol-oyyldy-1004912)