---
title: "Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді"
description: "«Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қаб..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-07-08T07:35:22+00:00"
modified: "2022-07-08T07:35:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-aev-zhaponiyany-b-ryn-y-premer-ministrine-zhasal-an-astandy-a-atysty-pikir-bildirdi-970902"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-aev-zhaponiyany-b-ryn-y-premer-ministrine-zhasal-an-astandy-a-atysty-pikir-bildirdi-970902/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев Жапонияның бұрынғы премьер-министріне жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді

> «Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қаб...

«Жапонияның бұрынғы Премьер-министрі Синдзо Абэге жасалған қастандықты Қазақстан жұртшылығы ауыр қабылдап, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Белгілі саясаткердің тезірек сауығып, отбасына оралуына тілектестік білдіремін», - деп жазды Тоқаев Instagram-да.

Еске салайық, таңертең Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ елдің батысындағы Нара қаласында көпшілік алдында сөз сөйлеп тұрған жерінде шабуылға ұшырап, ауыр жарақат алды.

Фото алынды zakon.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/to-aev-zhaponiyany-b-ryn-y-premer-ministrine-zhasal-an-astandy-a-atysty-pikir-bildirdi-970902](https://yvision.kz/kk/post/to-aev-zhaponiyany-b-ryn-y-premer-ministrine-zhasal-an-astandy-a-atysty-pikir-bildirdi-970902)