---
title: "Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті"
description: "Президенттер сауда-экономикалық саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қа..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-04-29T12:19:50+00:00"
modified: "2022-04-29T15:44:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-aev-putinmen-telefon-ar-yly-s-ylesti-965760"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-aev-putinmen-telefon-ar-yly-s-ylesti-965760/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

> Президенттер сауда-экономикалық саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қа...

Президенттер сауда-экономикалық саладағы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайын егжей-тегжейлі талқылады.

Мемлекеттер басшылары екі елдің үкіметтеріне жедел шешуді қажет ететін мәселелерге назар аударуды тапсыруды ұйғарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге мамырдың ортасында Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кездесуіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

Фото алынды akorda.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/to-aev-putinmen-telefon-ar-yly-s-ylesti-965760](https://yvision.kz/kk/post/to-aev-putinmen-telefon-ar-yly-s-ylesti-965760)