---
title: "Тоқаев Ноғаевты қабылдады"
description: "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар...."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-04T11:16:53+00:00"
modified: "2024-03-04T11:17:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-aev-no-aevty-abyldady-1001863"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-aev-no-aevty-abyldady-1001863/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев Ноғаевты қабылдады

> Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады. Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар....

*Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады.*

![Тоқаев Ноғаевты қабылдады](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/05752d850990be36245b9e38a2b202.jpg)

Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар. Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған. Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған. Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. [t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/to-aev-no-aevty-abyldady-1001863](https://yvision.kz/kk/post/to-aev-no-aevty-abyldady-1001863)