---
title: "Тоқаев комаға түсіп қалған сарбаздың ата-анасының..."
description: "\"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-17T11:24:17+00:00"
modified: "2024-06-17T11:24:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-aev-koma-a-t-sip-al-an-sarbazdy-ata-anasyny-ndeuimen-tanysty-1005743"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-aev-koma-a-t-sip-al-an-sarbazdy-ata-anasyny-ndeuimen-tanysty-1005743/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев комаға түсіп қалған сарбаздың ата-анасының...

> "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият...

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/5d574e5866ff1bf4d36148fd48cd84.jpg)

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды", - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы [Берік Уәли](https://www.facebook.com/profile.php?id=100003403233694&__cft__[0]=AZXccLw3z-y62nYxSbrn8X3jPYhENVzQNCdm3TFquklqM7m3Xs850ME_FGO2wTuT8KN5KZ-Hoty60Y5U8uJDwG56NI0KZHaZF9K8raptehlaW96VjEnS-xfi8TaxF700QLLcthDp9vqjixau0aqgHs9x&__tn__=-UC%2CP-R).

Айта кетейік, Отарға әскери борышын өтеуге барған 19 жастағы қостанайлық Нұржігіт Әбділпатта осыдан 10 күн бұрын есінен танып, Қордай ауруханасының жансақтау бөліміне түскен еді. Дәрігерлер ол полисегмпентарлық пневмонияға шалдыққан деп отыр. Қазір жігіт өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ал ата-анасы ұлының бұл диагнозына сенбейді. Олар сапқа тұру кезінде Нұржігітті сержант ұрған дегенді айтады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/to-aev-koma-a-t-sip-al-an-sarbazdy-ata-anasyny-ndeuimen-tanysty-1005743](https://yvision.kz/kk/post/to-aev-koma-a-t-sip-al-an-sarbazdy-ata-anasyny-ndeuimen-tanysty-1005743)