---
title: "Тоқаев Балаеваға бірқатар тапсырма берді"
description: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Аида Балаева: Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-13T10:41:45+00:00"
modified: "2024-05-13T10:46:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-aev-balaeva-a-bir-atar-tapsyrma-berdi-1004557"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/to-aev-balaeva-a-bir-atar-tapsyrma-berdi-1004557/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тоқаев Балаеваға бірқатар тапсырма берді

> Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады. Аида Балаева: Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын...

*Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваны қабылдады.* ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/e28f50b8cd17fdd4e34be09dd0d6ca.jpg) Аида Балаева: Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті тәсілдер жөнінде баяндады;

ақпарат, мәдениет, креативті индустрия, азаматтық қоғам, дін, этносаралық қарым-қатынас, жастар және отбасылық-демографиялық саясат салаларында қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді;

ведомствоның жетекшілік ететін салаларын дамытуға қатысты жоспарын айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрлікке мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамыту, шығармашылықты қолдау, Қазақстанның мәдениетін шетелде дәріптеу секілді бірқатар нақты міндет жүктеді.

Бұдан бөлек, креативті индустрияны институционалдық тұрғыда қолдау және аталған саланы жедел дамыту жұмыстарын жандандыру тапсырылды.

[t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/to-aev-balaeva-a-bir-atar-tapsyrma-berdi-1004557](https://yvision.kz/kk/post/to-aev-balaeva-a-bir-atar-tapsyrma-berdi-1004557)