---
title: "Өткен жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Қырғызстанда ұсталды"
description: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылдан бері іздеуде жүрген «У-ды» ұстап, ол Алматы қаласы ..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-28T12:09:10+00:00"
modified: "2024-06-28T12:09:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tken-zhyldan-beri-izdeude-zh-rgen-aza-standy-yr-yzstanda-staldy-1006081"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tken-zhyldan-beri-izdeude-zh-rgen-aza-standy-yr-yzstanda-staldy-1006081/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өткен жылдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Қырғызстанда ұсталды

> Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылдан бері іздеуде жүрген «У-ды» ұстап, ол Алматы қаласы ...

*Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылдан бері іздеуде жүрген «У-ды» ұстап, ол Алматы қаласы ПД уақытша ұстау қапасына қамалды.* ![](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/c2e1df56cab93b573b5f09ef16cd1b2d.jpg) Ол бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті жымқырды деген күдікке ілінген. Алаяқтық Алматы қаласы бойынша әкімдік пен ҰҚКД лауазымды адамдарының қатысуымен бақылаудағы адамдарға жалған төмен бағамен және белгіленген сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалған. «У» осы жылдың 14 маусымында Бішкек қаласында ұсталғаннан кейін ол Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Отанына оралуға дайындығы туралы хабарлады. Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен «У» азаматы Қырғыз Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

[ANTIKOR](https://web.telegram.org/a/#-1001497990564) осылай деп хабарлады.

Ал бұл жерде «У» дегеннің қазір 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы бойынша істі болып жатқан Қайрат Құдайбергеннің інісі Дархан Өмірәлиев екені белгілі болып отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tken-zhyldan-beri-izdeude-zh-rgen-aza-standy-yr-yzstanda-staldy-1006081](https://yvision.kz/kk/post/tken-zhyldan-beri-izdeude-zh-rgen-aza-standy-yr-yzstanda-staldy-1006081)