---
title: "Өткен тәулік тағы да тыныш болмады"
description: "Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары өткен тәулік бойы да тыным таппай, көптеген шұғыл..."
author: "orazali"
published: "2024-02-10T04:58:08+00:00"
modified: "2024-02-10T04:58:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tken-t-ulik-ta-y-da-tynysh-bolmady-1000957"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tken-t-ulik-ta-y-da-tynysh-bolmady-1000957/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өткен тәулік тағы да тыныш болмады

> Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары өткен тәулік бойы да тыным таппай, көптеген шұғыл...

Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары өткен тәулік бойы да тыным таппай, көптеген шұғыл шақыртуларға шықты.

![Өткен тәулік тағы да тыныш болмады](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/439b5e59f9a1d94f194dfc44193f07.jpg)

"Өткен тәулікте Қазақстан ТЖМ күштері 184 жедел шығу жасады, оның 60-ы өрттер мен жану оқиғаларына, 124-і іздестіру, авариялық-құтқару және басқа да жұмыстарға. Бұл ретте 118 адам құтқарылды және эвакуацияланды. ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді, ауа-райының өзгеруін, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап, алыс сапарларға шықпауға шақырады", - делінген ТЖМ хабарламасында.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tken-t-ulik-ta-y-da-tynysh-bolmady-1000957](https://yvision.kz/kk/post/tken-t-ulik-ta-y-da-tynysh-bolmady-1000957)