---
title: "Өткен күнді, іздеудің қажеті жоқ..."
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Поль Мория «История любви» Бейнематериал авторы – Люд..."
author: "Aikosmuz"
published: "2017-04-21T07:43:10+00:00"
modified: "2017-04-21T07:43:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tken-k-ndi-izdeudi-azheti-zho-764375"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tken-k-ndi-izdeudi-azheti-zho-764375/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өткен күнді, іздеудің қажеті жоқ...

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Поль Мория «История любви» Бейнематериал авторы – Люд...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – Поль Мория «История любви»**

**Бейнематериал авторы – Людмила Нарыжная**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

**Вконтакте –**

 
 
 
 
 

Өткен күнді, іздеудің қажеті жоқ,

Өтті, кетті, біздерге ізін тастап.

Қайта от боп жанбайды, ендігі шоқ,

Қажеті жоқ, бос қиялды қайталап.

 

Кінәлаймын деп өзіңді ойлама,

Бұл тағдыр ғой, таланыңа жазылған.

Сан сынақтар, әлі алда, тоқтама,

Тура жолды, әлі ешкім таппаған.

 

Қуанышпен, өкініш, бірге жүрген,

Биіктерге, шыңдарға, сенген, жеткен.

Пендеміз ғой, жүреміз болмай жетік,

Егерде өмір, болса, кейде кетік.

 

Ешқашанда болмасын, өкпе сызы,

Ешқашанда болмасын, көңіл жүгі.

Шын сүйгеннің, орындалсын парызы,

Кешірімсіз, қалмасын, көңіл кірі.

 

https://www.youtube.com/watch?v=D53wMXr64Bc

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tken-k-ndi-izdeudi-azheti-zho-764375](https://yvision.kz/kk/post/tken-k-ndi-izdeudi-azheti-zho-764375)