---
title: "Өтінемін"
description: "Анау-мынау деп төртінші курсқа да қол жеткіздік. Шынымды айтсам, әлде де үлкен өмірдің табалдырығын ..."
author: "Aigul4itai"
published: "2010-09-25T02:05:18+00:00"
modified: "2010-09-25T02:05:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tinemin-74979"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tinemin-74979/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өтінемін

> Анау-мынау деп төртінші курсқа да қол жеткіздік. Шынымды айтсам, әлде де үлкен өмірдің табалдырығын ...

Анау-мынау деп төртінші курсқа да қол жеткіздік. Шынымды айтсам, әлде де үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы тұрғаныма сенбеймін. Енді төртінші курс болғандықтан, бізді аса қыспайтын шығар деп ойлайтынбыз бұрын. Қайдам... бұл да өмірдегі көптеген жалғандардың бірі сияқты)))

Сонда да біздің оқытушыларымыздың сабақ беру әдістемесі ерекше))) Қыркүйектің бірінен бастап қаншама дәптерлерімізді алып жүрсек те, бір беттің көлемін де толтырған жоқпыз. Әліге шейін тап таза. Ал күнтүзбеге қарасақ, бір ай өтіпті. Тағы бір қызық! Семестрдің соңында тапсыратын курстық жұмыстың тақырыптарын өткен аптаның дүйсенбісінде беріп еді, келесі дүйсенбіге дейін бітіріңдер деді. Айтуға сөз жоқ)))

Енді отырысым осы. Күздің керемет жылы сенбісінде үйде отырып екі күн ішінде курстық жұмысымды бітірмекшімін. Тақырыбы - интернет желісіндегі блогосфераның дамуы.

Бір жылдан бері блог жүргізіп келе жатқан блоггер ретінде, екі сағаттың ішінде барлығын жазып бітіремін ғой десем, қатты қателесіппін. Қазір жазғанымның көлемі бір бетке де жетпей тұр. Ал маған әлі 30 бет жазу керек)))

Мүмкін, қазақ тілді блогтар туралы не болмаса тіпті блог туралы ерекше қызық әрі сирек ақпараттарың болса, бөлісесіңдер ме деген үмітпен жазып отырмын.

Сондықтан, ханымдар мен мырзалар! ))))))) Көмек күтемін)))))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tinemin-74979](https://yvision.kz/kk/post/tinemin-74979)