---
title: "Тілі мен ойы жоқ қоғамның орнына үнемі өзгелер сөйлейді және ойлайды..."
description: "Тілі мен..."
author: "til"
published: "2010-12-27T05:28:18+00:00"
modified: "2010-12-27T05:53:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tili-men-oyy-zho-o-amny-ornyna-nemi-zgeler-s-yleydi-zh-ne-oylaydy-101233"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tili-men-oyy-zho-o-amny-ornyna-nemi-zgeler-s-yleydi-zh-ne-oylaydy-101233/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тілі мен ойы жоқ қоғамның орнына үнемі өзгелер сөйлейді және ойлайды...

> Тілі мен...

![нургуль карагойшина тіл журналы , kazakh news, astana, kazakh](https://storage.yvision.kz/images/user/til/p5x9TJ14iV8cvP2ms18QE1GbrV6m51.jpg)

Тілі мен ойы жоқ қоғамның орнына
үнемі өзгелер сөйлейді және ойлайды...

**Құрметті «Тіл» журналының оқырмандары!**

*Біздің бүгінгі қоғамымыздың дертін екіге жарылған тілдік ортамен* *байланыстыруға болады.Олардың бірі тілін білумен ерекшеленсе, бірі* *білмегендігімен ортадан алыстап бара жатқандай. Бұл бір ұлттың* *ұйып тұтастануына сына қағатындай алшақтықты қайтсек жоюға* *болады? Ұлттық сана-сезімі жоқ жігерсіз халықты қашанда басқа* *жұрттар өз ойынын жүргізу үшін пайдалана береді. Ұлттық болмы-* *сынан, тілінен айырылған жұрт толтыруды қажетсінетін бос шелек* *тәрізді. Ал бос шелекке не құйсаң да бәрі бір. Мен бір ұлттың өкілімін* *дей тұра, сол ұлттың бары, байлығы –тілінен хабарсыз болсаң,* *айтқанын мен істегеніңнің ауылдары алыс жатпай ма? Бұл қателікті* *болдырмас үшін де халқымыз бір ғана тілде ойлауы, сөйлеуі керек. Тіл* *тек сол ұлттың ана тілі ғана емес, ойлау формасы, негізгі бет-бейнесі.* *Өз тілімен сөйлеп, ойланған елдің ғана жаңа дүниелер тудыру қабілеті* *бар. Ал өзгенің қолымен, ойымен жасалған дүние солардай ойлауға,* *өзгенің жақсысын жақсы, жаманын жаман деген түсінікке апарады.*

*Бүгінгі көрші елдің жазған дүниелерін көшіре салу, «дайын асқа тік* *қасық» бола беру жалқаулығынан арылмай, өз ұлттық мүддемізді қорғай* *алмаймыз, ұлттық сана қалыптаспайды.*

*Өз тілімізде ойлайық, өз тілімізде ойланайық, ағайын!*

**Құрметпен, «ТІЛ» журналының** **бас редакторы Нұргүл Қарағойшина**

**#8-2010**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tili-men-oyy-zho-o-amny-ornyna-nemi-zgeler-s-yleydi-zh-ne-oylaydy-101233](https://yvision.kz/kk/post/tili-men-oyy-zho-o-amny-ornyna-nemi-zgeler-s-yleydi-zh-ne-oylaydy-101233)