---
title: "Өтілі көптің- зейнетақысы мол"
description: "1 қазан – дүние жүзі бойынша Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымы..."
author: "astana_dmtszn"
published: "2017-10-03T00:14:56+00:00"
modified: "2017-10-03T00:14:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tili-k-pti-zeyneta-ysy-mol-780455"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tili-k-pti-zeyneta-ysy-mol-780455/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өтілі көптің- зейнетақысы мол

> 1 қазан – дүние жүзі бойынша Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымы...

1 қазан – дүние жүзі бойынша Халықаралық қарттар күні аталып өтеді. Бұл мереке Біріккен Ұлттар Ұйымы бас Ассамблеясының 45-ші сессиясында бекітілген болатын.

Біздің мемлекетімізде 1 қазан - ерекше мәртебеге ие болған мейрам. Бұл күні біз қарияларымызға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, көп жылдар бойы адал еңбек етіп, болашақ ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, еліміздің дамуына орасан үлес қосқан зейнеткерлерімізге ерекше құрмет көрсетеміз. Қарияларымыздың қартайған шақтарын лайықты қамтамасыз ету- мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Еліміздегі зейнеткерлердің басымдылығы үшін зейнетақы - жалғыз табыс көзі болып есептеледі, сол себептен зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруды мемлекет ерекше жауапкершілігіне алған.

Зейнетақының тағайындау қағидалары, зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 21.06.2013 жылғы №105 Заңымен бекітілген. Заң бойынша ҚР азаматтары, республика аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады. Қазіргі уақытта Қазақстанның зейнетақы жүйесі аралас болып – ынтымақтық (еңбек), жинақтық және базалық зейнетақыдан құралған.

«Қазақстан Республикасы зейнетақы жүйесінің одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» № 841 ҚР Президентінің Жарлығы 18.06.2014 жылы бекітілген. Бұл тұжырымдама Ел басының 2013 жылғы зейнетақы реформасы туралы халыққа жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында дайындалған.

Базалық зейнетақы 2005 жылдан бастап еңгізілген және кедейлікті азайтып, азаматтарды зейнетақы жүйесінде қатысуды ынталандыруға бағытталғын. Қазіргі таңда базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жасына жеткен барлық азаматтарға, еңбек өтіліне, жалақысына қарамастан бірдей көлемде тағайындалады.

2015 жылғы 2 тамыздағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданып, базалық зейнетақы төлемдерін тағайындалу шарты өзгерді. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы төлемі тек қана жалпы белгіленген зейнетақы жасқа (58-жас 63/63жас) жеткен кезде және зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне байланысты тағайындалатын болады. Солай, базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан аз болған не болмаған кезде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 54 % мөлшерінде, зейнетақы жүйесінде қатысу өтілі 10 жылдан артық әрбір толық жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға арттырыла отырып, өтілі 33 жыл және одан артық болғанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100 пайызына теңестіріледі.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін есептеу кезінде:
- 01.01.1998 жылға дейінгі кезеңде істеген еңбек өтілі;

-міндетті зейнетақы жарналары және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;
- жұмыс істемейтін ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (бағып-күтуді ол нақты жүзеге асырған кезде) жас балаларды бағып-күткен, бірақ әр бір бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегінен аспайтын уақыт;

-16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-күткен уақыт;

-ҚР дипломатиялық қызметтері мен халықаралық ұйымдар қызметкерлері жұбайының (зайыбының) шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі;

-әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекетттік органдар қызметкерлері жұбайларының мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде жұбайларымен бірге тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезең зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есепке алынады

Бұл қайта есептеу еңбек өтілі көп болғанымен, ең төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге зейнетақы мөлшерін арттыруға мүмкіндік береді. 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ең төмен зейнетақы мөлшері базалық зейнетақыны қосқанда 45711 теңгені құрады.

2018 жылғы 1 шілдеден бастап осы норманың іске асыру мақсатында Астана қаласының 70 мыңнан астам базалық зейнетақы төлемін алушыларына базалық зейнетақыны қайта есептеу өткізіліп, еңбек өтілі көп азаматтардың базалық зейнетақы мөлшері арттырылады. Қайта есептеу зейнетақы ісіндегі құжаттар негізінде жүргізіледі. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап осы қайта есептеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Әйелдердің жинақтаушы зейнетақы жүйесінде қатысу өтілін арттыру мақсатында және ынтымақтық зейнетақының жыл сайын төмендеуіне байланысты 01.01.2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетақы жасы ұлғаяды. Зейнетақы жасы 10 жылдың ішінде жыл сайын 6 айдан қосылып, 2027 жылы әйелдерге зейнетақы ерлермен бірдей 63 жаста тағайындалатын болады. Мысалы, 1960 жылдың 1 жартыжылдығында туылған әйелдерге зейнетақы 58 жас 6 ай толғанда, 1960 жылдың 2 жартыжылдығында туылған әйелдерге 59жасында тағайындалады. Ал, бес және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tili-k-pti-zeyneta-ysy-mol-780455](https://yvision.kz/kk/post/tili-k-pti-zeyneta-ysy-mol-780455)