---
title: "«Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды"
description: "Қазақстсн Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тегістік БПҰ кітапханасында Қазақстан ..."
author: "raiymbek.nurotan.kz"
published: "2021-09-20T09:08:53+00:00"
modified: "2021-09-20T09:08:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/til-tiregimiz-so-yp-t-r-an-zh-regimiz-atty-d-gelek-stel-yymdastyryldy-948637"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/til-tiregimiz-so-yp-t-r-an-zh-regimiz-atty-d-gelek-stel-yymdastyryldy-948637/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды

> Қазақстсн Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тегістік БПҰ кітапханасында Қазақстан ...

Қазақстсн Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тегістік БПҰ кітапханасында Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай, «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқырмандарды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Дөңгелек үстел барысында кітапханашы қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілгені, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енгені, болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз екендігіне тоқталды. Дөңгелек үстелге қатысушы Лаура Жарқынбекова егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік екендігін, қай ұлттың болса да өзіне тән, өзі қадір-құрмет тұтатын ана тілі барын, тіл ұлттың басты белгісі екендігін тілі жойылса, ұлт та жойылатынын, тілі дамыса, ұлт та кемелдене түсетінін тілге тиек етті. Сөз соңында ендеше тілімізді жетімсіретпейік, еліміздің биіктен көрінуі біздің қолымызда екенін ұмытпайық! деп сөзін түйіндеді.

#Тәуелсіздікке30жыл

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/til-tiregimiz-so-yp-t-r-an-zh-regimiz-atty-d-gelek-stel-yymdastyryldy-948637](https://yvision.kz/kk/post/til-tiregimiz-so-yp-t-r-an-zh-regimiz-atty-d-gelek-stel-yymdastyryldy-948637)