---
title: "Тіл таным — Иран тілінен енген сөздер"
description: "Аспан Аспан ашық, күн тымық, Күредік қарды құлшынып. Осы аспан сөзі де, Біздің тілге кезінде. Кіріп..."
author: "Muxit"
published: "2016-12-02T10:03:57+00:00"
modified: "2016-12-02T10:04:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/til-tanym-iran-tilinen-engen-s-zder-732871"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/til-tanym-iran-tilinen-engen-s-zder-732871/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тіл таным — Иран тілінен енген сөздер

> Аспан Аспан ашық, күн тымық, Күредік қарды құлшынып. Осы аспан сөзі де, Біздің тілге кезінде. Кіріп...

**Аспан**

** ![](https://storage.yvision.kz/images/user/muxit/l7nsmm41VAdNL4IPa926zJ2vNaETWR.jpg) **

Аспан ашық, күн тымық,

Күредік қарды құлшынып.

Осы аспан сөзі де,

Біздің тілге кезінде.

Кіріпті Иран тілінен,

Мағынасы “әуе” екен.

Осыны бүгін білдім мен.

 

**Арай**

Ғасырлар бойы сандаған,

Көнеріп, ұмыт қалмаған.

Көп сөздің бірі Арай-ды,

Тамсандырған талайды,

Қосады ақын жырына,

Білгенің жөн мұны да.

Осы сөз қазақ қырына,

Жетіпті Иран жерінен.

Шұғыласын төгіп тұр бүгін,

Тілімнің асқақ төрінен.

 

**Ас**

«Ас адамның арқауы,

Сабырлық керек затында».

Бұл мақал Алтай, Арқаға,

Бейтаныс емес затында.

Тағам ғой асқа балама,

“Ас” сөзін жат санама.

Аруақ ырза болсын деп,

Ас берді ел Бабаға.

 

**Алау**

Алаулап жанған оттайын,

Жалындап біраз тоқтайын.

Жылылық жұртқа тарасын,

Қызуы қайтпас шоқтайын.

 

**Астана**

«Астана»

Басқа да,

Сөздердей.

Тіліме өң берген,

Шыққанын қай тілден.

Білуді жөн көргем,

Іздедім сөздіктен,

Сонда ғой сөз біткен.

Таптық та,

Таласпа.

Аптықпа,

Сіңіскен Алашқа,

Сөзі бұл Иранның.

Астана- бас қала,

Мемлекет кіндігі.

Бағынар аймақтар.

Деген-ді айғақтар.

 

**Сүлеймен Баязитов**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/til-tanym-iran-tilinen-engen-s-zder-732871](https://yvision.kz/kk/post/til-tanym-iran-tilinen-engen-s-zder-732871)