---
title: "“Тіл сақшысы” енді Талдықорғанда"
description: "“Тіл сақшысы” жобасы енді Талдықорған қаласында да қызметін жалғастырмақ. Республикамыздың бірнеше қ..."
author: "Rukh_pen_til"
published: "2012-12-07T12:37:40+00:00"
modified: "2012-12-07T12:37:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/til-sa-shysy-endi-taldy-or-anda-307298"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/til-sa-shysy-endi-taldy-or-anda-307298/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# “Тіл сақшысы” енді Талдықорғанда

> “Тіл сақшысы” жобасы енді Талдықорған қаласында да қызметін жалғастырмақ. Республикамыздың бірнеше қ...

“Тіл сақшысы” жобасы енді Талдықорған қаласында да қызметін жалғастырмақ. Республикамыздың бірнеше қаласында сәтті жүзеге асырылып жатқан қоғамдық бақылау енді Жетісу жерінде. Бәрі де Facebook-тегі арнайы топтың белсенді мүшелерінің бастамасымен жүзеге асырылуда. “Қара тақта” деп әлеуметтік желіде құрылған топ ([http://www.facebook.com/groups/110745459082056/](http://www.facebook.com/groups/110745459082056/)) нағыз тіл жанашырларын ұйыстырып, сонда азаматтар қателіктерді суреттерге түсіріп, оны көпшілікке жариялап отыр. Енді суреткен түсірілген барлық қателіктерді жинастырып, Алматы облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармаға шағым ретінде тапсырылады.

Төменде аталмыш шағым хат берілген.

Алматы облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма бастығы

Тәңірберген Қасымақынұлы Қасымберкебаевке

«Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымы атынан

Шағым хат

«Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымы ҚР-дағы «Тіл туралы» заңының мемлекеттік тілге қатысты өрескел бұзылып жатқанын, Талдықорған қаласы бойынша Сіз басқарып отырған басқарма көше, жарнама атаулары, сыртқы жарнама атауларындағы орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық қателерді, жазылу тәртібін бұзулуын қадағалап, тиісті шаралар қолданбағандықтан, осы күнге дейін қаламызда көптеген заң бұзушылықтар орын алуда. «Рух пен тіл» ұйымының бүкіл Қазақстан бойынша жүргізіп жатқан «Тіл сақшысы» арнайы жобасы барысында Талдықорған қаласында бірқатар заң бұзушылық фактілері анықталған.

1.Қабанбай батыр мен Біржан сал көшелерінің қиылысы. «Қарағаш» сауда орталығының ет сататын бөлімі. Есікте жапсырылған маңдайшада орфографиялық қате кеткен. «Ашык» сөзінде «к» әрпінің орнына «қ» әрпі жазылуы тиіс.

[!\[“Тіл сақшысы” енді Талдықорғанда\](http://rukhpentil.org/wp-content/uploads/2012/12/65356_488333774533606_1056961715_n-300x227.jpg)](http://rukhpentil.org/?attachment_id=1639)

 
 
 
 
 
 
 

2.Дәл осы мекен-жайдағы «Қарағаш»сауда орталығы ғимаратындағы жарнамада орфографиялық қате жіберілген. «Азык-түлік» сөзінде «к»-ның орнына «қ» әрпі жазылуы тиіс.

[!\[“Тіл сақшысы” енді Талдықорғанда\](http://rukhpentil.org/wp-content/uploads/2012/12/198103_490749624292021_324736765_n-300x235.jpg)](http://rukhpentil.org/?attachment_id=1640)

 
 
 
 
 
 
 
 

3.Әуезов көшесінің аты жазылған маңдайшада «Әуэзов» деп қате жазылған. Қазақ тілінің заңдылығы бойынша Әуезов» деп жазылуы тиіс.

[!\[“Тіл сақшысы” енді Талдықорғанда\](http://rukhpentil.org/wp-content/uploads/2012/12/546353_349800341775626_1993362723_n-300x225.jpg)](http://rukhpentil.org/?attachment_id=1641)

 
 
 
 
 
 
 
 

4. «Қарағаш» сауда орталығы. Дұрыс жазылуы: «Ұялы телефондар мен компьютерлерді жөндеу».

[!\[“Тіл сақшысы” енді Талдықорғанда\](http://rukhpentil.org/wp-content/uploads/2012/12/575307_485404411493209_1060019657_n-1-300x225.jpg)](http://rukhpentil.org/?attachment_id=1642)

 
 
 
 
 
 
 
 

5. Қабанбай батыр-Гаухар ана к-нің қиылысы. «Байбатыр» дүкені. Дұрыс жазылуы: «Кеңсе тауарлары».

[!\[“Тіл сақшысы” енді Талдықорғанда\](http://rukhpentil.org/wp-content/uploads/2012/12/%D0%B6%D0%B8%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%83-300x237.jpg)](http://rukhpentil.org/?attachment_id=1643)

 
 
 
 
 
 
 
 

6. «Мегалайн» компаниясының парақшасындағы қазақ тіліндегі сөздер қазақ тілінің ережесіне сәйкес келмейді.

[!\[“Тіл сақшысы” енді Талдықорғанда\](http://rukhpentil.org/wp-content/uploads/2012/12/150188_472598472773803_157291204_n-221x300.jpg)](http://rukhpentil.org/?attachment_id=1644)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

7.Арбат алдындағы «Еуразия» сауда орталығы ғимаратының алды.

[!\[“Тіл сақшысы” енді Талдықорғанда\](http://rukhpentil.org/wp-content/uploads/2012/12/430701_485417281491922_869042702_n-300x255.jpg)](http://rukhpentil.org/?attachment_id=1645)

 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Рух пен тіл» қоғамдық-саяси ұйымы Алматы облыстық Тілдерді дамыту басқармасы аталған кемшіліктерді назарға алып, заңды бұзған мекемеге қатысты шара қолдануы үшін 1 ай уақыт береді. Қойылған талаптар орындалмайтын жағдайда «Рух пен тіл» ұйымы аталған заңсыздықтармен күрестің басқаша тәсілдеріне көшетінін ескертеді.

04.12.12 ж.

Байланыс телефоны: 87025851585

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/til-sa-shysy-endi-taldy-or-anda-307298](https://yvision.kz/kk/post/til-sa-shysy-endi-taldy-or-anda-307298)