---
title: "Тіл мерекесі туралы..."
description: "Биылғы жыл айтулы мерекелерге толы. Тәуелсіз , зайырлы мемлекет болғанымызға 30 жыл , Жыр алыбы — Ж..."
author: "uigur.nurotan.kz"
published: "2021-09-20T05:36:44+00:00"
modified: "2021-09-20T05:36:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/til-merekesi-turaly-948612"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/til-merekesi-turaly-948612/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тіл мерекесі туралы...

> Биылғы жыл айтулы мерекелерге толы. Тәуелсіз , зайырлы мемлекет болғанымызға 30 жыл , Жыр алыбы — Ж...

Биылғы жыл айтулы мерекелерге толы. Тәуелсіз , зайырлы мемлекет болғанымызға 30 жыл , Жыр алыбы — Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы …. Сонымен бірге Қазақстан халқы тілдері мерекесінің де өзіндік маңызы мен ерекшелігі бар.

Тіл – ұлттық құжатымыз, тіл – кісілік келбетіміз. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті.

Бұл мереке біз үшін және еліміз үшін қашанда маңызды . Ұлттық құндылығымыз бен келбетіміздің көрінісіне айналған бұл мереке тәуелсіз еліміздің нышаны әспеттес. Осынау мереке қарсаңында ауданымызда бастауыш партия ұйымдарында кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Барлық БПҰ мамандары қатысып, белсенділік танытты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/til-merekesi-turaly-948612](https://yvision.kz/kk/post/til-merekesi-turaly-948612)