---
title: "Тіл мерекесі – достық пен бірліктің белгісі"
description: "1998 жылы еліміздің Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқының тілдер мерекесін жыл сайын тойлау жөні..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-09-21T09:47:50+00:00"
modified: "2017-09-21T09:47:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/til-merekesi-dosty-pen-birlikti-belgisi-779455"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/til-merekesi-dosty-pen-birlikti-belgisi-779455/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тіл мерекесі – достық пен бірліктің белгісі

> 1998 жылы еліміздің Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқының тілдер мерекесін жыл сайын тойлау жөні...

1998 жылы еліміздің Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқының тілдер мерекесін жыл сайын тойлау жөнінде Жарлыққа қол қойған болатын. Сол мереке жыл сайын 22 қыркүйекте тойланып, еліміздің әр өңірінде мәдениетіміз бен тілімізді дамыту бойынша түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Тілдер күнін мерекелау қарсаңында 2017 жылдың 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде салтанатты шара өткізілді.

Салтанатты шараны Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш ашып, аталынып отырған мерекенің маңыздылығына тоқталды.

«Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында қоғамда мемлекеттік тілдің деңгейінің одан әрі көтерілуіне ерекше мән беріп келеді. Тіл дегеніміз – елдің саулығы, ол ұлттың бірігуіне ықпал етіп, тәрбие құралы мен адамдардың қарым-қатынасын байланыстыратын тірек. Бүгінгі күн – достық пен бірліктің белгісі» - деді А.Жұбаныш.

Қызметкерлерді мерекемен құттықтай отырып, оларға сәттілік, амандық және Отанымыздың қамы үшін жасап жатқан игі істерге табыс тіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/til-merekesi-dosty-pen-birlikti-belgisi-779455](https://yvision.kz/kk/post/til-merekesi-dosty-pen-birlikti-belgisi-779455)