---
title: "Тіл — халықтың жаны"
description: "Тіл – халықтың жаны. Әрбір мемлекеттің болашағы оның тілінде. Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсі..."
author: "mary4"
published: "2016-08-18T06:36:36+00:00"
modified: "2016-08-18T06:36:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/til-haly-ty-zhany-707660"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/til-haly-ty-zhany-707660/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тіл — халықтың жаны

> Тіл – халықтың жаны. Әрбір мемлекеттің болашағы оның тілінде. Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсі...

![Тіл — халықтың жаны](http://storage.yvision.kz/images/user/mary4/eMdWZ6BQErDAJ0d3nJDD4nDQZXN0rv.gif)

**Тіл – халықтың жаны. Әрбір мемлекеттің болашағы оның тілінде. Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов бір сөзінде: «****Тілін білмеген, түбін білмейді. Ондай адам күлдіремін деп күйдіреді, сүйсіндіремін деп сүріндіреді, білдіремін деп бүлдіреді, қуантамын деп қуартады, келтіремін деп кетіреді, жұбатамын деп жылатады» деген өсиет қалдырған. Ұлылардың осындай өсиетін ұғынған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та тілді, әсіресе қазақ тілін дамытуға көп көңіл бөліп келеді. Әр жылдарға арналған мемлекетік бағдарлама құрып, оның іске асырылуын ел үкіметіне қатаң тапсырды. Бұл тек үкіметке қатысты ғана емес, жалпы ел тұрғындарына қатысты құндылығымыз екенін әрбір сөзінде айтып отырады.**

Биыл тілдерді дамыту бойынша Павлодар өңірінде қыруар іс тындырылды. Мәселен, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ел бойынша жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаның Павлодар облысында іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жыл бойы өзінің нәтижесін берді. Бұл мақалада Павлодар облысының аудандары арасында орыс тілді аудан ретінде аты шыққан Успен ауданындағы атқарылған іс-шараларға тоқталуды жөн көрдік.

Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында әрбір ауданда арнайы шаралар жоспары әзірленіп бекітілді . Өңірлердегі мамандарға тапсырма жүктелді. Ағымдағы жылы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында аудан бюджетінен 1830 мың теңге бөлінді. Іс-шаралар жоспарына сәйкес түрлі шаралар жүзеге асырылуда.

Мұндай іс шараларға облыс және аудан халқы жаппай қатысуда. Рухани, мәдени шаралар желісі үздікміз жалғасуда. 2016 жылдың бірінші жартысында мемлекеттік тілді насихаттау, тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында «Тіл-татулық тірегі», «Абай оқулары», мемлекеттік тілді білу бойынша өзге ұлт өкілдері арасында «Тіл – адам жанын танудың кілті», ұлты қазақ жастар арасында орыс тілін білу бойынша «Тіл – барлық білімнің кілті», «Тіл шебері» атты сайыстар өткізілді. Аудандық сайыстардың жеңімпаздары облыстық тілдерді дамыту басқармасымен өткізілетін шараларға қатысты. 2016 жылдың 30 наурызда «Тіл – барлық білімнің кілті» облыстық конкурсында Асанбаева Елдана 1 орынға иеленді, республикалық конкурсына қатысу жолдама алды. Аудандағы этно мәдение бірлестіктерін және халықтарының тілі мен достығын нығайту үшін ағымдағы жылдың 1 мамырда аудан орталықта үлкен концерт өтті. Бұл сайыстар мен байқауға қазақ тілін еркін меңгерген өзге ұлттың өкілдері көптеп қатысуда. Соның арқасында мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлттардың саны өсіп келеді. Бұл еліміздің болашақта қазақ тілді болуына әкелетін ең үлкен қадам болып табылады.

Биыл еліміз үшін маңызды бір шара ұйымдастырылды. Тұрғындар биыл алғаш рет қазақ тілінде жаппайы диктант жазды. 18-мамырда аудан тұрғындары мемлекет қызметшілері, этнос мәдени бірлестіктерінің өкілдері мен оқушылары арасында өткен «Мәңгілік ел» тақырыбындағы диктантқа белсене қатысты.

2016 жылдың 18-20 мамыр аралығында Облыстық тілдерді дамыту басқармамен ұйымдастырылған Қазтест бойынша тестілеуге ауданымыздың 14 мемлекет қызметшілері тапсырды, оның ішінде байқау тесте 10 қызметші, 4 мемлекеттік қызметші сертификатқа, 9 мемлекет қызметкері тапсырды. Ағымдағы жылдың 27 сәуірде Облыстық тілдер басқармасы мен облыстық тіл қоғамы өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілді маңыздылығын көтере отырып, насихаттау рететінде ауданымыздың орыс тілді тұрғындары үшін доңгелек үстел өткізілді.

Аудан аумағының кітапхана, мектептерінде «Түркі тілдес халықтар жазбалары күндері» және «Славян жазбалары» күндерін акция ретінде шаралар өтті. 2016 жылдың сәуір айынан бастап Успен ауданы бойынша 18-60 жас аралығында мемлекеттік тілді оқытуды қажет ететін адамдар үшін қаражат экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім берілгеннен кейін мемлекеттік тілде үйренушілерге барлық санатты адамдарға ауданымыздың (Успен, Равнополь, Лозов, Қоңырөзек, Таволжан, Константинов, Қозыкеткен, Новопокров, Ковалев, Богатырь) ауылдық 10 округтерінде жалпы 140 адамды қамтылып тегін оқыту үйірме ұйымдастырылып жүргізіледі. 2015 жылы 309 адам оқытылды. Ағымдағы жылдың 24-31 мамырда 8 мемлекет қызметкері ағылшын тілі бойынша курстан өтті, деңгейіне қарай сертификат алды.

2016 жылы маусым айында № 1 Успен ОМ мультимедия кабинетінде Успен ауданының мемлекет қызметшілері үшін Қазтест бағдарламасы бойынша оқыту семинар-курсы өтті. Семинарға ауданының мемлекет мекемелерінің және ауылдық округінің мелекет қызметшілері қатысты. Семинарда «Ана тілі» орталығы» ЖШС директоры З.А. Мамбетова, аға оқытушысы П.Ш. Ташева келіп дәріс оқыды. Біліктілік арттыру семинар-курсына 30 қызметші қатысты.

Аудандағы тіл тіралы мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы жөнінде джауапты мамандарды әңгімеге тартқан едік.

- Ауданда тоқсан сайын «Тіл тазалығы» акциясын өткізіледі. Акция барысында ауданындағы ауыл және ауылдық округтерінің көшелері мен мекемелерінде орналасқан көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс рәсімделуі жөнінде мониторинг жүргізілді, қателіктері түзетілуде. 2016 жылдың бірінші жартыжылдық бойынша ауданымыздың 32 объект: Таволжан ауылы, Лозов, Қозыкеткен ауылдық округтарының кітапхана, ауылдық мәдениет ұйымдарының маңдайшалары, бизнес объектілері қаралды. Ауылдық округтеріндегі көшелері мен мемлекеттік мекемелерінде орналасқан көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде дұрыс ресімделуін тексеріп, қателері анықталған мекемелеріне қателерін түзету үшін хат жазып берілді де, бақылауға алынды, - дейді жергілікті тіл мамандары.

Мамандардың сөзінше, ауданда аптасына бір рет жарық көретін аудандық «Аймақ ажары» және «Огни села» басылымдары жұмыс істейді.Аталмыш газеттер бірін-бірі қайталамай екі тілде шығады. «Аймақ ажары» газетінде мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту мақсатында мемлекеттік органдар мен тұрғындар атынан мақалалар жарияланады.

Иә, бұл аудандағы атқарылыпжатқан істердің бір парасы ғана. Болашақта бұдан да күрделі іс атқарылып, тіліміз бен руханиытымыз асқақтай береді деп сенеміз.

**Марат Серікбаев**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/til-haly-ty-zhany-707660](https://yvision.kz/kk/post/til-haly-ty-zhany-707660)