---
title: "Тікелей эфирде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа әдістері талқыланды"
description: "2019 жылдың 10 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-04-12T06:24:10+00:00"
modified: "2019-04-12T06:24:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tikeley-efirde-sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-aludy-zha-a-disteri-tal-ylandy-830336"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tikeley-efirde-sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-aludy-zha-a-disteri-tal-ylandy-830336/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тікелей эфирде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа әдістері талқыланды

> 2019 жылдың 10 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентті...

2019 жылдың 10 сәуірде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары А.С.Жұбаныш «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты.

А.С.Жұбаныш тікелей эфир кезінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бойынша Департаментпен атқарылып жатырған жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ, ол «Ақжайық-адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ» және «Protecting business and Investments» жобаларының негізгі бағыттары мен міндеттерін айқындады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tikeley-efirde-sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-aludy-zha-a-disteri-tal-ylandy-830336](https://yvision.kz/kk/post/tikeley-efirde-sybaylas-zhem-orly-ty-aldyn-aludy-zha-a-disteri-tal-ylandy-830336)