---
title: "Тікелей эфирде сұрақтар қойылды"
description: "2020 жылдың 18 желтоқсаны күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер М.Мубараковқа тікелей эфирде ..."
author: "karkaraly.nurotan.kz"
published: "2020-12-19T05:34:00+00:00"
modified: "2020-12-19T05:34:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tikeley-efirde-s-ra-tar-oyyldy-893976"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tikeley-efirde-s-ra-tar-oyyldy-893976/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тікелей эфирде сұрақтар қойылды

> 2020 жылдың 18 желтоқсаны күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер М.Мубараковқа тікелей эфирде ...

2020 жылдың 18 желтоқсаны күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер М.Мубараковқа тікелей эфирде сұрақтар қойылды. Тікелей эфирде сайлаушылар ауданның экономикалық жағдайы туралы, депутаттыққа өткен жағдайда қандай жұмыстар жасалатынын сұрады.

Үміткер алдағы жылдары ауданның білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы күрделі сұрақтарды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешуге ат салысатындығын жеткізді.

Сонымен қатар үміткер сайлаушылардың пікірлері мен ұсыныстарын назарға алып, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tikeley-efirde-s-ra-tar-oyyldy-893976](https://yvision.kz/kk/post/tikeley-efirde-s-ra-tar-oyyldy-893976)