---
title: "Тікелей эфирде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде талқыланды"
description: "2017 жылдың 17 мамырда «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасына Қазақстан Респу..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-05-19T09:48:26+00:00"
modified: "2017-05-19T09:48:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tikeley-efirde-o-amda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyrudy-ma-yzdyly-y-zh-ninde-tal-ylan-767273"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tikeley-efirde-o-amda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyrudy-ma-yzdyly-y-zh-ninde-tal-ylan-767273/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тікелей эфирде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде талқыланды

> 2017 жылдың 17 мамырда «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасына Қазақстан Респу...

2017 жылдың 17 мамырда «ТДК-42» телеарнасының «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Жұбаныш Аманқос Сағынұлы қатысты. Бағдарламаның басты тақырыбы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «нөлдік төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру мәселелері болды. А.С.Жұбаныш өзінің алғашқы сөзінде Агенттік пен оның аумақтық құрылымдарымен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының бесінші басымдығында көрсетілгендейғ сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері және жағдайларын төмендету бойынша мақсатты жқмыстар атқарылып жатырғандығын атап өтті. Бағдарлама барысында телекөрермендер тарапынан қонаққа түрлі сауалдар қойылып, оларға нақты жауаптар берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tikeley-efirde-o-amda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyrudy-ma-yzdyly-y-zh-ninde-tal-ylan-767273](https://yvision.kz/kk/post/tikeley-efirde-o-amda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-deniet-alyptastyrudy-ma-yzdyly-y-zh-ninde-tal-ylan-767273)