---
title: "«Тетрадь» сөзінен қашан құтыламыз?"
description: "Міне, бір айға жетер-жетпес уақыт­тан соң алғашқы қоңырау соғылып, бүлдіршіндер қолына қалам мен дәп..."
author: "makala"
published: "2014-08-12T00:12:39+00:00"
modified: "2014-08-12T00:12:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tetrad-s-zinen-ashan-tylamyz-424942"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tetrad-s-zinen-ashan-tylamyz-424942/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Тетрадь» сөзінен қашан құтыламыз?

> Міне, бір айға жетер-жетпес уақыт­тан соң алғашқы қоңырау соғылып, бүлдіршіндер қолына қалам мен дәп...

##

![тетрадь копия](http://anatili.kz/wp-content/uploads/%D1%82%D0%B5%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%B4%D1%8C-%D0%BA%D0%BE%D0%BF%D0%B8%D1%8F-300x157.jpg)

Міне, бір айға жетер-жетпес уақыт­тан соң алғашқы қоңырау соғылып, бүлдіршіндер қолына қалам мен дәптер, жоқ, дәптер емес тетрадь ұстап мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Қаламға қадалатын ойым жоқ. Тек сол қалам сиясын ақтарып, серігіне айналатын дәптері бар емес пе?! Анығырақ айтсам, дәптер кімдікі екенін айқындап тұратын жасыл бетін сөз еткелі отырмын. Мұқият қарасаңыз, сол дәптердің мұқабасындағы тірек сөздер орыс тілінде. Алтын ұя мектеп есігін ашқан бүлдіршін әріп танысымен «Тетрадь» деп тілін бұрап орысша шүлдірлеп кететіні рас. Әріп таныған сәтінен орысша тіл сындырған баладан ел қандай үміт күтетінін ойланып көрейікші. Орыс мектебінің оқушылары үшін мұқабадағы «для», «учени», «класса», «школы» деген сөздер дәптер толтырудың дайын үлгісі болса, қаракөздеріміз үшін бұндай үлгі жоқ. Сондықтан мектеп оқушысы дәптер сыртын толтырарда бұл орысша сөздерді аттайын ба, әлде үстінен шималап өтейін бе деп ұзақ ойланатыны бар. Ақырында, мұғалімнен ескерту естімес үшін сыртын ақ қағазбен орап толтырады. Неге сыртында «Дәптер», «оқушысының», «мектептің» деген сөздері бар қазақша дәптер шығармасқа? Қарапайым ғана мысал шығар. Бірақ бұлай кете берсе, 2025 жылға дейін халқымыздың 95 пайызы қазақша сайрап кететіні күмән тудырады ( жалғасы:http://www.mtdi.kz/til-saiasaty/til-tynysy/3915-tetrad-sozi )

http://www.mtdi.kz/til-saiasaty/til-tynysy/3915-tetrad-sozi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tetrad-s-zinen-ashan-tylamyz-424942](https://yvision.kz/kk/post/tetrad-s-zinen-ashan-tylamyz-424942)