---
title: "Теректі аудандық қоғамдық штаб мүшелері Ақжайық ауылында партия ардагерлерімен кездесті"
description: "Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Теректі аудандық қоғамдық ..."
author: "terekty.nurotan.kz"
published: "2022-11-07T08:02:04+00:00"
modified: "2022-11-07T08:02:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/terekti-audandy-o-amdy-shtab-m-sheleri-a-zhayy-auylynda-partiya-ardagerlerimen-kezdesti-978074"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/terekti-audandy-o-amdy-shtab-m-sheleri-a-zhayy-auylynda-partiya-ardagerlerimen-kezdesti-978074/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Теректі аудандық қоғамдық штаб мүшелері Ақжайық ауылында партия ардагерлерімен кездесті

> Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Теректі аудандық қоғамдық ...

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Теректі аудандық қоғамдық штаб мүшелері М.Ибраев және Б.Қазиханов партия ардагерлерімен Ақжайықта кездесті.

Ауыл ақсақалдарымен кездесуде штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында қамтылған мәселелер кеңінен талқыланды. Әсіресе, мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән берілді. Аудандық қоғамдық штабтың басшысы Мирхат Ибраев халқымыз Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде топтасуы тиіс екенін атап өтті. «Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы! Бір сөзбен айтқанда, ел мүддесі де, ер мүддесі де бір жерден шығып отыр», – деді ол.

Ақжайық ауылының ақсақалдары Қ.Тоқаевты қолдайтынын, 20 қараша күні отбасымен дауыс беруге келетінін айтты.

#Toqaev2022

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/terekti-audandy-o-amdy-shtab-m-sheleri-a-zhayy-auylynda-partiya-ardagerlerimen-kezdesti-978074](https://yvision.kz/kk/post/terekti-audandy-o-amdy-shtab-m-sheleri-a-zhayy-auylynda-partiya-ardagerlerimen-kezdesti-978074)