---
title: "Теннистен Қазақстан Президенті Кубогінің сыйлық қоры 225 мың долларды құрайды"
description: "22-28 шілде аралығында Астанада өтетін теннистен Қазақстан Президенті Кубогінің сыйлық қоры 225 мың..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-07-16T23:21:18+00:00"
modified: "2013-07-16T23:21:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tennisten-aza-stan-prezidenti-kubogini-syyly-ory-225-my-dollardy-raydy-363621"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tennisten-aza-stan-prezidenti-kubogini-syyly-ory-225-my-dollardy-raydy-363621/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Теннистен Қазақстан Президенті Кубогінің сыйлық қоры 225 мың долларды құрайды

> 22-28 шілде аралығында Астанада өтетін теннистен Қазақстан Президенті Кубогінің сыйлық қоры 225 мың...

[!\[Теннистен Қазақстан Президенті Кубогінің сыйлық қоры 225 мың долларды құрайды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/07/images1.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/07/images1.jpg)

22-28 шілде аралығында Астанада өтетін теннистен Қазақстан Президенті Кубогінің сыйлық қоры 225 мың долларды құрайды, деп хабарлайды [Vesti.kz](http://vesti.kz/).

«Жеңімпаз атағы үшін ерлер де, әйелдер де жарысады. Кубок иесіне шамамен 18 мың доллар беріледі. Қазақстан теннис федерациясының ақпараты бойынша, ұлттық рейтингтің бірінші нөмірі Михаил Кукушкин жарысқа қатысатынын растады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, астаналық жарысқа халықаралық классификациядағы қазақстандық жетекші теннисші – АТР 141-ші нөмірі Андрей Голубев қатысады. Әйелдер арасында Ксения Первак сынаққа түсуге ниет білдірді.

Еске сала кетсек, Михаил Кукушкин 2011 жылы осы жарыстың жеңімпазы атанған болатын. Ал Андрей Голубев 2008 және 2009 жылдары Астанада ең мықты теннисші екенін екі рет дәлелдеді.

Ойынға жанкүйер боламын деушілер үшін есік ашық, кіру – тегін. Жарыс «Дәулет» спорт кешеніндегі кортта өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tennisten-aza-stan-prezidenti-kubogini-syyly-ory-225-my-dollardy-raydy-363621](https://yvision.kz/kk/post/tennisten-aza-stan-prezidenti-kubogini-syyly-ory-225-my-dollardy-raydy-363621)