---
title: "Теннис: З.Дияс US Open-нің үшінші айналымына шықты"
description: "Теннистен АҚШ-тың ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс америкалық Катрин Беллиспен күш сы..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-08-29T03:48:53+00:00"
modified: "2014-08-29T03:48:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tennis-z-diyas-us-open-ni-shinshi-aynalymyna-shy-ty-427389"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tennis-z-diyas-us-open-ni-shinshi-aynalymyna-shy-ty-427389/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Теннис: З.Дияс US Open-нің үшінші айналымына шықты

> Теннистен АҚШ-тың ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс америкалық Катрин Беллиспен күш сы...

[!\[Теннис: З.Дияс US Open-нің үшінші айналымына шықты\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/20140629035539-300x180.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/08/20140629035539.jpg) Теннистен АҚШ-тың ашық чемпионатында қазақстандық Зарина Дияс америкалық Катрин Беллиспен күш сынасты. Кездесуді Eurosport 2 арнасы тікелей эфирде көрсетті. Жиырма жасар Зарина әлемдік рейтингте 48-інші орында. Оның қарсыласы К.Беллис небәрі 15 жаста ғана екен. Соған қарамастан, бірінші айналымда осы турнирдің 12-інші ракеткасы, словакиялық Доминика Цибулкованы ұтқан американ қызы шынында да болашағынан үлкен үміт күттіреді. Оның үстіне көрермендер К.Беллистің жағында болды. Бірінші партия 6:3 есебімен Заринаның пайдасына шешілсе, екінші сетті жанкүйерлердің демеуімен қанаттанған Катрин 6:0 есебімен ұтты. Алайда шешуші, үшінші партияда қайратына мінген Зарина 6:2 есебімен жеңіп кетті. З.Дияс үшінші айналымда әлемнің 17-інші ракеткасы ресейлік Екатерина Макаровамен кортқа шығады.

Автор: [Елжан Ералы](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1053)

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290) , [Әлем](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/381)

ОРАЛ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tennis-z-diyas-us-open-ni-shinshi-aynalymyna-shy-ty-427389](https://yvision.kz/kk/post/tennis-z-diyas-us-open-ni-shinshi-aynalymyna-shy-ty-427389)