---
title: "ТЕННИС РЕЙТИНГІ: Қазақстандық қыздар мен жігіттердің жағдайы қалай?"
description: "Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев кәсіби теннисшілер қауымдастығының жаң..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-04-14T22:36:50+00:00"
modified: "2014-04-14T22:36:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tennis-reytingi-aza-standy-yzdar-men-zhigitterdi-zha-dayy-alay-409683"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tennis-reytingi-aza-standy-yzdar-men-zhigitterdi-zha-dayy-alay-409683/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ТЕННИС РЕЙТИНГІ: Қазақстандық қыздар мен жігіттердің жағдайы қалай?

> Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев кәсіби теннисшілер қауымдастығының жаң...

[!\[ТЕННИС РЕЙТИНГІ: Қазақстандық қыздар мен жігіттердің жағдайы қалай?\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/20140414093956-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/04/20140414093956.jpg)

Қазақстандық теннисшілер Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев кәсіби теннисшілер қауымдастығының жаңарған рейтингісінің бірінші жүздігінде өздерінің орындарын сақтап қалды, деп жазады sports.kz.

14 сәуірдегі жағдай бойынша, Кукушкин 56-шы, Голубев 59-орында. Сонымен бірге, бірінші жүздікте қазақстандық Александр Недовесов екі сатыға көтерілді — енді ол 75-орында. Бесінші жүздікте қазақстандық Евгений Королев үш сатыға — 448-орынға дейін көтерілді. Қазақстандық Денис Евсеев бұл рейтингте 608-орында. Жекелей сында рейтингті испандық Рафаэль Надаль бастап тұр, екінші — серб Новак Джокович, ал үшінші орында швейцариялық Станислав Вавринка тұр. Сондай-ақ, қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева өткен аптада Әйелдер теннис қауымдастығының жекелей сындағы жаңартылған рейтингісінде бірінші жүздікте екі сатыдан жоғалтты. 14 сәуірдегі жағдай бойынша, Шведова — 55-ші, Воскобоева — 65-орында. Рейтингтің бірінші жүздігіне, сонымен бірге, Зарина Дияс кірді, ол 93-орнында. Рейтингтің екінші жүздігінде Юлия Путинцева 157-ші орыннан 159-шы орынға төмендеді. Сесиль Каратанчева 175-ші орыннан 179-шы орынға түсті.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tennis-reytingi-aza-standy-yzdar-men-zhigitterdi-zha-dayy-alay-409683](https://yvision.kz/kk/post/tennis-reytingi-aza-standy-yzdar-men-zhigitterdi-zha-dayy-alay-409683)