---
title: "Теннис: Андрей Голубев «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына өтті"
description: "Қазақстандық теннисші Андрей Голубев және аустралиялық Сэмюэл Грот жұптық сайыста Францияның ашық..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-06-04T01:56:32+00:00"
modified: "2014-06-04T01:56:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tennis-andrey-golubev-rolan-garros-turnirini-zhartylay-finalyna-tti-416170"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tennis-andrey-golubev-rolan-garros-turnirini-zhartylay-finalyna-tti-416170/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Теннис: Андрей Голубев «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына өтті

> Қазақстандық теннисші Андрей Голубев және аустралиялық Сэмюэл Грот жұптық сайыста Францияның ашық...

[!\[Теннис: Андрей Голубев «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына өтті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/06/20140405091513-11-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/06/20140405091513-11.jpg)

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев және аустралиялық Сэмюэл Грот жұптық сайыста Францияның ашық біріншілігі — «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына өтті.

Ширек финалда олар Лукаш Кубот/Роберт Линстедт поляк-швед жұбын 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Жартылай финалда Голубев пен Грот француз спортшылары Жюльен Беннето мен Эдуард Роже-Васслен және аргентиналық Максимо Гонсалес пен Хуан Монако жұптарының жеңімпаздарымен кездесетін болады. Еске сала кетейік, үшінші айналымда Голубев пен Грот қарсыластары Джек Сок (США) пен Жоао Соуза (Португалия) жұбын 6:4, 6:3 есебімен жеңген болатын.

Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224) [!\[Теннис: Андрей Голубев «Ролан Гаррос» турнирінің жартылай финалына өтті\](http://www.inform.kz/img/ico_twitter.png)](https://twitter.com/inform_zhas)

Басты сөздер: [Әлем](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/381) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

АСТАНА. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tennis-andrey-golubev-rolan-garros-turnirini-zhartylay-finalyna-tti-416170](https://yvision.kz/kk/post/tennis-andrey-golubev-rolan-garros-turnirini-zhartylay-finalyna-tti-416170)