---
title: "Тенгри ФМ радиосының туған күні!"
description: "Кеше Тенгри ФМ радиостанциясының туған күні болды. Бұл мерекені тойлауға Алматы Тауэрсқа мыңдаған ад..."
author: "aigera_kz"
published: "2011-03-23T07:19:32+00:00"
modified: "2011-03-24T03:12:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tengri-fm-radiosyny-tu-an-k-ni-126965"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tengri-fm-radiosyny-tu-an-k-ni-126965/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тенгри ФМ радиосының туған күні!

> Кеше Тенгри ФМ радиостанциясының туған күні болды. Бұл мерекені тойлауға Алматы Тауэрсқа мыңдаған ад...

Кеше Тенгри ФМ радиостанциясының туған күні болды. Бұл мерекені тойлауға Алматы Тауэрсқа мыңдаған адам жиналыпты.

Жалпы алғанда, бұл іс-шараның ұйымдастырылуы, көлемі және жиналған адамдар саны мені таң қалдырды. Шынын айтсам, сонша көп адам болады деп ойламаппын. Чайф тобы келгеннен кейін сахнаға жақындау (ал сахнаның жанында тұрсаң қозғалудың өзі) тіпті мүмкін болмай қалды.

![Тенгри ФМ радиосының туған күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/aigera_kz/D06y8J8GC8xTwsek3nsHcmW2p8QJy8.jpg)

Құрбыммен сағат сегіздерде келсек, кіре берісте адамдар көп екен.

![Тенгри ФМ радиосының туған күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/aigera_kz/YtGzb4F44w78yfcTJS3zom9OI8Smz1.jpg)

1 жылдық мерейтойымен Тенгри ФМ-ды құттықтау үшін қазақстандық Мотор-Роллер (Алматы), МайОлиКа (Петропавловск), Асем (Алматы), Blues Motel (Алматы), Мартини (Астана), Jazz Voda (Шымкент), Па Кампасам (Алматы), Субкультура (Усть-Каменогорск), Angry Ants (ex-Lucky Wheel, Алматы), Лабастерхэб (Павлодар) рок орындаушылары жалынды өлеңдері мен гитараларын ала келіпті.

![Тенгри ФМ радиосының туған күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/aigera_kz/pxpO90KUTXqr7CbL1v9gdxS5Ed04mE.jpg)

![Тенгри ФМ радиосының туған күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/aigera_kz/I3Bvhxg5eqx12fyQZRy7gSnCGF9HeI.jpg)

Чайфтың алдында шыққан барлық орындаушылар керемет өнер көрсеткенмен, Па Кампасам домбырасын алып шыққанда бүкіл зал шу ете қалды. Домбырамен орындалған рокты кеше бірінші рет естідім))

![Тенгри ФМ радиосының туған күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/aigera_kz/82pU45Ya04zJSXmtUveoe4lnu1IsKa.jpg)

Осындай іс-шараны іске асыруда тек қана музыканттардың ғана емес басқа да адамдардың еңбектері мол. Суретте: ыстық софиттердің астында, суретке түсіріп жүрген адамдардың flash-ына (вспышка) шыдап тұрған күзет қызметкері.

![Тенгри ФМ радиосының туған күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/aigera_kz/sHitCdGJ5eoJ2qIZz7a201ovrZyPFn.jpg)

Суретте: пультта отырған адамдар

![Тенгри ФМ радиосының туған күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/aigera_kz/lasO048Oao3Lns5z2Q2tF09fHc8v82.jpg)

Көп күттірмей рок ардагерлері Чайф тобы да келді. Олар көпшілік білетін "Аргентина-Ямайка" секілді өлеңдерімен қатар жаңа әуендерін де орындады.

![Тенгри ФМ радиосының туған күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/aigera_kz/phWXjILOCREir9IEO7OSiUf5Kh5Go7.jpg)

![Тенгри ФМ радиосының туған күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/aigera_kz/6TZq2V17YgAQ73STOl3gM84TCar6L9.jpg)

Аяқтарынан тік тұрып, шаршағандарын елемей, залдағы адамдар өлеңдерге қосылып айтып, билеп тұрды.

![Тенгри ФМ радиосының туған күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/aigera_kz/06R34J26s2iL3EX7pHQ7DvPh7pE92x.jpg)

![Тенгри ФМ радиосының туған күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/aigera_kz/Slrv4bVXm8PrqCK9IYlaTDdgz622M3.jpg)

Еліміздің ең үздік рок орындаушылармен танысып, олардың өнерлерін тамашалауға мүмкіндікке алғысымды білдіремін. Осы секілді іс-шаралар, концерттер бізде жиірек болып тұрса, тіпті тамаша болар еді!

![Тенгри ФМ радиосының туған күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/aigera_kz/gpW0931JOEffN5tp924gxto0PMGHke.jpg)

![Тенгри ФМ радиосының туған күні!](https://storage.yvision.kz/images/user/aigera_kz/lNvdmWNLacb2k9cOIP4jajYl1gRrUW.jpg)

Туған күніңмен, Тенгри ФМ!

Қалған суреттерді [мына](http://www.flickr.com/photos/aigera/sets/72157626206883059) жерден көре аласыздар.

P.S. Ал [мына](http://yvision.kz/community/Music+is+my+Life/134764.html) жерде осы кештің басқа суреттері.

P.S.S. [!\[Тенгри ФМ радиосының туған күні!\](http://yvision.kz/images/userpic_small.jpg) Ashina](http://ashina.yvision.kz/), [!\[Тенгри ФМ радиосының туған күні!\](http://yvision.kz/images/userpic_small.jpg) RamErs](http://ramers.yvision.kz/), [!\[Тенгри ФМ радиосының туған күні!\](http://yvision.kz/images/userpic_small.jpg) Samson](http://samson.yvision.kz/) және [!\[Тенгри ФМ радиосының туған күні!\](http://yvision.kz/images/userpic_small.jpg) Bakunya](http://bakunya.yvision.kz/) ҚазҰУ-да [қонақ лекцияларын](http://yvision.kz/community/I+%E2%99%A5+yvision.kz/133563.html) өткізген кезде казнетте қазақ тіліндегі контенттің аздығын басып айтып еді. Ол өткізілген сабақтардан студенттер мен секілді әсер алса, yvision платформасында қазақ тіліндегі контент көбейетіндігіне сенімдімін:))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tengri-fm-radiosyny-tu-an-k-ni-126965](https://yvision.kz/kk/post/tengri-fm-radiosyny-tu-an-k-ni-126965)