---
title: "Темірландағы Қажымұқан Мұңайтпасов музейі туралы"
description: "Әлқисса, 2019 жылғы 9 мамыр күні сағат 13.10 уақытында «BEK AIR» әуе компаниясының Астана-Нұр-Сұлтан..."
author: "Fvfylsr"
published: "2019-05-20T07:38:53+00:00"
modified: "2019-05-20T07:38:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/temirlanda-y-azhym-an-m-aytpasov-muzeyi-turaly-832729"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/temirlanda-y-azhym-an-m-aytpasov-muzeyi-turaly-832729/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Темірландағы Қажымұқан Мұңайтпасов музейі туралы

> Әлқисса, 2019 жылғы 9 мамыр күні сағат 13.10 уақытында «BEK AIR» әуе компаниясының Астана-Нұр-Сұлтан...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/0074f9dbf6438418c4c8bc581d2f46.jpg)

Әлқисса, 2019 жылғы 9 мамыр күні сағат 13.10 уақытында «BEK AIR» әуе компаниясының Астана-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып шығып, шырайлы Шымқалаға 14.40 сағатта келіп қондық. Бұл күндері Нұр-Сұлтанда шамамен 26 градус ыстық болса, Шымкентте 30 градус ыстық шамасында екен. Әуежайдан күтіп алған «Түркістан туризм» туристік-ақпараттық орталығының басшысы Нұрдәулет Медеуов пен бауырым Марат Заурбековпен бірге бірден Темірландағы Қажымұқан Мұңайтпасов музейіне жол тарттық. Жол жақсы, әуежайдан тиіп тұр, Темірланның Шымкенттен қашықтығы бар болғаны 35 шақырым көлемінде екен. Оңтүстік өңірдегі сапарымызды қазақ халқының даңқты тұлғасы Қажымұқан бабамыздың музейінен бастауды жақсы ырымға баладым. Әкемнің айтып және жазып кеткен деректері бойынша ол Ұзын Қыпшақ, Алтыбас. Қажымұқан атамыздың туған жері Астанадан небәрі 15-20 шақырым жер, қазір қала іргесіндегі Қажымұқан ауылы. Жастық шағы мен балуандықтың алғашқы тұсауын кескен де осы өлке, Ақмола өңірі болатын. Қажымұқандай балуан атамызды дауылпаз ақын Сәкен: Ожар бет, қара мойын-бейне құлжа, Қылар ет бір салса егер мылжа-мылжа, Шалқыған жауырында бұжыр қара. Еңгезер үйелмен, дәу тартқан құлға, Қалың бет, бура түсті қара нардай, Жұп-жұмыр жуан діңгек, бойшаң дардай, Тұтасқан мойны дала жондарындай, Білегі жолбарыстың қолдарындай, Гүрзідей қолдарының тегеуріні, Атасы Қобландының қолдарындай... – дей келіп, Қажымұқанның батырлығын, балуандығын тікелей он екінші атасы Қобландыға теңеуі де тегін болмаса керек. Қилы заманда небір қиындықтарды бастан өткізген Қажымұқан заманында Алаш зиялыларымен ниеттес болғанын бәріміз білеміз. Кейін сол үшін қудаланып, өмірінің соңғы уақытын қазақ жерінің оңтүстігінде, дәлірек айтсақ қазіргі күнгі Түркістан облысында өткізеді. Балуан ешқашан мойымаған, бабамыз туралы, оның батырлығы, адамгершілік істері туралы көпшілікке мәлім болғандықтан, суреттерді сөйлеткенді жөн көрдім!

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/f75c216b024b8d816daa13f3bdbdab.png)

1-сурет. Музейдегі жәдігерлер, Қажымұқан заманының заттары, сандық ерекше көрінді, дәл осындай сандықтар біздің үйде де болып еді

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/7e2a4d5e937a22e7120aa9a15715f4.png)

2-сурет. Ескі заманның самаурыны, шіркін осындай самауырынның шайы қандай керемет болатын еді

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/a812089b8713d4c0923a8bb176b25a.png)

3-сурет. Қажымұқан атамыздың тұтынған заттары

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/30dd02bff1b54a0d8656d7af04edea.png)

4-сурет. Қажымұқан атамыз қатысқан көп жарыстардың бірінің жарнамасы

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/f7d456f06fa33e028ab63f7401c5f3.png)

5-сурет. Қажымұқан атамыз 46 елден әртүрлі орден-медальдер (жарысқа қатысушы, жеңімпаз ретінде) алған екен

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/68036b5cc73bfde610a4ad38d56781.png)

6-сурет. Қажымұқан атамызға арналған понораманың жалпы көрінісі

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/ed9d98bda41e1af055cab3a9ea268c.png)

7-сурет. Қажымұқан атамыз ұйрықша иірген гір тастары және кездесіне қоятын тасы, оны ұратын балғасы

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/ca8b07ec6d8dfb583a85f9c1d6704d.png)

8-сурет. Қажымұқан атамыздың отбасы туралы фотолар

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/13c33959d3ea102924641fd3dba8fb.png)

9-сурет. Қажымұқан атамызбен белдескен Әлемнің палуандарының бір бөлігі

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/40e73594638af0bd6c33fa4d99ed51.png)

10-сурет. Қажымұқан атамыздың киімдері

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/5bb6e537b8324d5360b41b1a14c6d9.png)

11-сурет. Қажымұқан атамыз көтерген тас

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/35685b2fc536c1ccda327774a0a339.png)

12-сурет. Қажымұқан атамыздың өміржолы туралы

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/187a5c2bc9377bf1760d5cd5c171cc.png)

13-сурет. Қажымұқан атамызға музей алдында қойылған ескерткіш

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/b2e43b630aefd066e472af698c3b7d.png)

14-сурет. Қажымұқан атамыздың тасы

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/0f4eb71650edca35a28c02bb213214.png)

15-сурет. Қажымұқан атамыздың ескерткіші

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/fa0e351e3591a220490f34498747d1.png)

16-сурет. Жалпы понорама әдемі көрінеді екен

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/6fa54e86f911753581adba38713ae7.jpg)

17-сурет. Қажымұқан атамыздың музейінде: Түркістан туризм» туристік-ақпараттық орталығының басшысы Нұрдәулет Медеуов, ортада мен - Амандық Әмірхамзин және көйлекте Марат Заурбеков

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/18603e368db06fcb59620333928a6f.jpg)

18-сурет. Қажымұқан атамыз өнер көрсеткен кезде иген темірдің бірі

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/7a84b286a0c53266e85fd9ec86b0ec.jpg)

19-сурет. Қажымұқан атамыз 1941-1945 жылғы соғыс кезінде өз қаражатына ұшақ сатып алып, майдан даласына жіберген, ұшақтың аты - Амангелді (Иманов құрметіне) болатын

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/9c2cd12f1cfc750ea6a3a25e639686.jpg)

20-сурет. Музей қызметкері Қажымұқан атамызды Шәуілдірде туған деп айтқан болатын, мен оған келіспейтіндігімді жеткіздім, тарихты бұрмалаудың еш қажеті жоқ

![](https://storage.yvision.kz/images/user/346450/b8714c74a91f0c8fa66124866ce765.jpg)

21-сурет. Музей қызметкері қарындасымызбен. Оладың еңбегі ұшан-теңіз, жәдігерлерді ұқыпты сақтау, халыққа түсіндіре білу оңай емес

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/temirlanda-y-azhym-an-m-aytpasov-muzeyi-turaly-832729](https://yvision.kz/kk/post/temirlanda-y-azhym-an-m-aytpasov-muzeyi-turaly-832729)