---
title: "Телерепортаждың ерекшеліктері"
description: "Тележурналистика – БАҚ – тың бір саласы, соның ішіндегі орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе, ХХ..."
author: "ZHSabira"
published: "2016-05-16T20:09:23+00:00"
modified: "2016-05-16T20:09:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/telereportazhdy-erekshelikteri-693517"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/telereportazhdy-erekshelikteri-693517/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Телерепортаждың ерекшеліктері

> Тележурналистика – БАҚ – тың бір саласы, соның ішіндегі орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе, ХХ...

Тележурналистика – БАҚ – тың бір саласы, соның ішіндегі орасан зор мүмкіндіктерді иеленетін жүйе, ХХ – ғасырдың адамзат игілігіне ұсынған ұлы жаңалығы, адам баласының ой – санасына, көзқарасына тікелей әсер ететін идеологиялық құрал, рухани нәр мен эстетикалық әсер беретін өнердің өзгеше бір түрі, өркениетті әлемдегі саясат алаңы,аудиторияны зерттеумен айналысатын арнайы әлеуметтік институт, ақпаратты алу мен қабылдауды бейнелік сипатта жүзеге асыратын техникалық базадағы шығармашылық қызмет.

Тележурналистиканың негізгі қызметі көрермендерге жаңалықтарды жедел шынайы, нақты жеткізуімен ерекшеленеді. Журналистика қызметі бұл ретте телевизиялық жанрларды тиімді әрі ұтымды пайдаланғаны жөн. Ақпарат, репортаж, очерк, сұхбат секілді тележанрлар теледидар қызметін ойдағыдай жүзеге асыруда елеулі роль атқарады. Репортаж жанры - тележурналистиканың өзекті жанрлары болып табылады.

«Жанр» деген ұғым француз тілінен шыққан,қазақ тілінде «түр»деген ұғымды білдіреді. Журналистикада жанр деп публицистиканың түрлерін атау қалыптасты.Жанр өмірді әртүрлі дәрежеде көрсетуге,өмірдің сан алуан құбылыстарына сан қырынан әсер етуге байланыста келіп туады. Журналист алдында қойған әртүрлі міндеттерге, өмірдегі сан тарам талаптарға,көрсетілуге тиісті нысанның сипатына байланысты жанр әртүрлі болады.Жанр түрін таңдау журналистің ұстанған позициясына, өзі көрсетпек болған нысанына көзқарасына,қарым – қатнасына,нысанның өзіндік қасиеттеріне байланысты.Тіл ерекшеліктері,бейнелеу құралдарының өзіндік белгілері,техникалық мүмкіндіктері әр жанрдың табиғатын,ерекшеліктерін,белгілерін анықтауға тиіс. Және осы ерекшеліктердің барлығы да Репортаж жанрына тән .

Тележурналистиканың өзіндік ерекшеліктері мен өзіне тән артықшылықтарына көгілдір экрандағы телеақпарат негізінде талдау жасау. Ал біздің қоғамда ақпаратты тездетіп тарататын ол әрине –Жаңалықтар. Сіздерге айтқалы тұрған еліміздегі алғашқылардың бірі болып жаңалықты жаңғыра жариялайтын - 31 арнаның «ИНФОРМБЮРО»сы.

Жаңалықтар – біздің өміріміздің айнасы, қоғамның бет-бейнесі. Саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңалықтардан хабардар болу заманға бейімделу, озық ойлылыққа ұмтылу дегенді білдіреді. Бұл тұста сізге жұдырықша жұмылған «31 арнаның» «Информбюро» бағдарламасы мен оның еңбекқор тілшілері көмекке келеді. Ондағы әрбір жаңалық шығарылымындағы Репортаждың ерекшеліктері де орасан.

 

«Информбюро» жаңалықтарының басты ұстанымы – ақпаратты жеткізудегі шынайылық, пікірлердің саналуандығы және айшықты бейнеролик. Жаңалық жасау үшін бүтін бір команда жұмыла қызмет етеді. Олардың ішінде редакторлар, журналистер, операторлар, бейнеинженерлер, режиссерлер бар. Олар «31 арнаның» көрермендеріне бір күндегі ең маңызды ақпараттарды жедел жеткізіп, әлемдегі жаңалықтарды ұсыну үшін маңдай терлерін сарп етіп еңбектенеді. Олар бүгінгі таңда Қазақстанның түкпір-түкпірінде жұмыс істейді. Айшылық алыс жерлерден жылдам ақпар таратып, қаһарлы қыста да, шіліңгір жазда тау мен тасқа өрмелеп, дархан далаға сапар шегеді. Кәсіби тілшілер Халықтың наразылығы туындаған жағдайда Үкімет пен Парламент отырысына да қатысады, банкирлер мен прокурорлардың, дәрігерлер мен басшылардың кабинеттерінен табыла алады. Қуанышты және қайғылы жаңалықтарды да жасырмай анықпа-анық жариялайтын арнаның мәртебесі де биік. Олар –айтары бар кез-келген жанның жан-айқайын бір ғана бейнелік ролик арқылы көрсетеді. Сондықтан, «Информбюро» жүргізетін әрбір репортаж өткір шындыққа негізделген.

Бағдарламаға тоқталсақ, 2016 жылдың күзінде «31 арнаның» жаңалықтар қызметіне 20 жыл толады. Осы уақыт аралығында «Информбюроның» форматы бірнеше рет өзгерді, жаңа айдарлар пайда болды, жүргізушілері ауысты. Бағдарлама еліміздегі кәсіби журналистердің бірнеше толқынын дайындап шығарды. Олар еліміздің саяси және қоғамдық өміріне белсенді араласып, күннің ең өзекті мәселелерін көтерді, маңызды шешімдердің қабылдануына ықпал етіп, жүздеген мұқтаж жандарға көмегін тигізді. Бүгінгі күні де «Информбюро» журналистері өзектілік, өткірлік, сараптама және соны жаңалықтар дайындауды бірінші міндетім деп біледі. Онда көрсетілген әрбір репортаж соның дәлелі. Ақпаратты әділ беру, оқиғаларды жедел жария ету, пікір алуандылығы және жарқын бейнелер - «Информбюро» жаңалықтарының басты ұстанымы.

Жаңалықта көрсетілетін әрбір арнайы репортаж өзіндік тақырыпқа ие. Оған мысал, микрафоннан көрсе жүгір жөнлетін министрлер деп аталатын репортаждың тақырыбын «Қашқандар мен қуғандар» , жұмыстарының төлемақысын ала алмай отырғандарға «Жалақы керек» ал , Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ауыл-аймақтарды араламақ деген арнайы репортажға «Президент пәрмені» деген қайыспас тақырыптар қояды. Ол да «ИНФОРМБЮРО»-ның ерекшеліктеріне тән.

Қортыра айтсақ, репортаж жасау үшін бір ғана емес, бірнеше тілшілер жұмыс жасайды. Және олар тек шындық пен шынайылық төңірегінде де мәлімет айтады. Сол ерекшеліктер табыла білген «Информбюро» -ның мәртебесі тасқындай берсін.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/telereportazhdy-erekshelikteri-693517](https://yvision.kz/kk/post/telereportazhdy-erekshelikteri-693517)