---
title: "Телефонды Айжанға беріңіз!"
description: "Бүгін банктің байланыс орталығына телефон шалдым. Оператормен арадағы әңгіме: - Сәлеметсіз бе. Мен мынандай мәселемен хабарласып тұр едім. - Телефонды Айжанға беріңі"
author: "jan.123"
published: "2024-03-01T06:11:34+00:00"
modified: "2024-03-01T06:11:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/telefondy-ayzhan-a-beri-iz-1001759"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/telefondy-ayzhan-a-beri-iz-1001759/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Телефонды Айжанға беріңіз!

> Бүгін банктің байланыс орталығына телефон шалдым. Оператормен арадағы әңгіме: - Сәлеметсіз бе. Мен мынандай мәселемен хабарласып тұр едім. - Телефонды Айжанға беріңі

*Бүгін банктің байланыс орталығына телефон шалдым. *

![Телефонды Айжанға беріңіз!](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/4228bceb26e5f594921d2a9fc3f3eb.jpg)

Оператормен арадағы әңгіме:
- Сәлеметсіз бе. Мен мынандай мәселемен хабарласып тұр едім.

- Телефонды Айжанға беріңіз.

- Не? Мен ғой - Айжан.

- Айжанның өзіне беріңіз телефонды.

- Мен - Айжанмын.

- Сіз Айжан емессіз!

- Неге?

- Дауысыңыз келмейді. Айжанның дауысы - басқа. Біз білеміз.

- Айжандікі қандай екен?

- Ол - ересек адам. Ал сіздікі...қыз баланың дауысы!

- Мен - ересек адаммын. Видеоны қосыңыз, тексеріңіз.

- Видео жоқ. Айжанға беріңіз, өзімен сөйлесейін.

- Мен - Айжанмыыыын! Сізбен ойнап тұрған жоқпын.

- Айжанға беріңіз телефонды! -

....- Айжанға беріңіз телефонды!

- Айжан өзі сізге хабарласады.

Айжанмын ба, Айжан емеспін бе?!

Фото: [#boscoverticale](https://www.facebook.com/hashtag/boscoverticale?__eep__=6&__cft__[0]=AZV-WJhOsrt5aae0eRBWGRFsvSE_xKt5vxmd8_-OrC1YSi7caChBSes_6V0VhLH2IQ5_btzEo5cBQra0P1JwFE7tTkQNsod48r0kPtOWcRMTLMc3y970mwGJJH9YaY77jg-u_zqWIGR9eTOIVdJ_xUF06C6_wiUKuZNIXgL2j8zlfpiPqlDyWH43oIt_AAtlug0&__tn__=*NK-R) - Миландағы "Вертикалды орман" тұрғын үй кешені қасында. Бұл екі үй 900 ағаш, 5 000 бұта, 11 000 шөп жолдарымен көмкерілген. Қалада шаңды азайтып, флора мен фауна үшін орта жасайды. Әлемдегі әдемі әрі инновациялық зәулім үйлердің бірі саналады.

Журналист [Айжан Көшкенова](https://www.facebook.com/aizhan.koshkenova)ның әлеуметтік желідегі жазбасы.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/telefondy-ayzhan-a-beri-iz-1001759](https://yvision.kz/kk/post/telefondy-ayzhan-a-beri-iz-1001759)