---
title: "«Телеарналардағы тіл мәселесі»"
description: "\"Телеарналардағы тіл мәселесі\" Еліміздегі түйіткіл және әлі шешіле қоймаған мәлелелердің бірі о..."
author: "ZHSabira"
published: "2016-05-02T06:51:25+00:00"
modified: "2016-05-02T06:54:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/telearnalarda-y-til-m-selesi-691587"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/telearnalarda-y-til-m-selesi-691587/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Телеарналардағы тіл мәселесі»

> "Телеарналардағы тіл мәселесі" Еліміздегі түйіткіл және әлі шешіле қоймаған мәлелелердің бірі о...

**"Телеар****налардағы тіл мәселесі****"**

Еліміздегі түйіткіл және әлі шешіле қоймаған мәлелелердің бірі ол әрине Тіл мәселесі. Еліміздің тірегіне айналған ана тіліміздің қадірінің төмендеуіне әкеліп соққан факторлар да жетерлік. Солардың бірі - ел мәселесін шешіп отырғандар. Президент **Нұрсұлтан Назарбаев:** "Барлық қазақстандықтарды біріктіретін басты фактор ретінде қазақ тілін әрі қарай дамыту үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек!"-деген. Ал бізде дәл қазіргі уақытта осы тілімізді дамытып, осы мәселені ортаға салып отырғандар шамалы.

Солардың бірі **Ермұхамет Ертісбаев**: «Мен әрдайым "Қазақ тілін дамыту керек" деп келдім. Қазақстанда қазақ тіліне қарсы бірде-бір адам жоқ! Бірақ тілді мына жағдайда орыс тілін кемсітіп, шектеу арқылы дамытуға болмайды» деп әр митингте айтып көтеріп келемін»,- дейді.

Кешегі Ахмет пен Міржақып, Әлихан мен Ыбырайлар қайта тіктегeн қазақ әліпбиінің бүгінгі жағдайы қандай?

Телеарна қазақша сөйлемей, қазақ тілі көркеймейтіні де бар. Соңғы жылдары Қазақстандағы толып жатқан телеарналар өзгенің қолында кетіп, қалалар мен ауылдарды орысша газет-журналдар басып қалды. «Алма ТV» деп аталатын бiр ғана кабельдiк телевизияның өзi-ақ күндiз-түнi қазақтың кәрi-жасының санасын мүлде басқа жаққа аударып жатыр. «Алма ТV» арқылы 100-ден астам телеарналар тәулiк бойы орыс тiлiнде бiздiң ұлттық ерекшелiгiмiзге, дiнiмiзге, дәстүрiмiзге мүлде қайшы келетiн сұмпайы көрiнiстердi, мультфильмдердi қазақ сәбилерiнiң миына құйып жатыр.

Қазақстанда мемлекеттік тілде хабар тарататын жалғыз ғана арна бар. Ол –«Қазақстан» арнасы. Иә, Қазақстанда қазақ тiлiн жоғары деңгейге шы­ғаратын да, оған апат әкелетiн де екi қару болса, соның бiрi – теледидар. Осы жайында Президент жақында: «Қай ел бүкiл эфирiн басқа мемлекетке берiп қойып отыр?»,- деп кейiдi. Бүгiнгi қазақтың ең бiр жаралы жерiн дөп тауып айтқан сөз осы едi. Қазiр Қазақстанның бүкiл телерадио кеңiстiгiн орыс ақпарат құралдары басып алды. Бiздiң бүгiнгi жас-кәрiмiз өзiнiң сана-сезiмiн, жарық дүниеге деген көзқарасын, әлемде болып жатқан өзгерiстердi, қысқасы, не жақсы, не жаман екенiн Ресей телеарналары мен радиостанцияларының, солардың газеттерiнiң айтқанына қарап бағалайды. Қазақтар жас сәбиге Ресей ақпарат құралдары не дұрыс, не бұрыс екенiн үйретiп отыратын әке-шешесi дерсiң. Сол арналардан беріліп жатқан хабарлардың көбінде мемлекет қызметкерлері өз тілінде емес, өзге тілде сөйлегендері де бар.

![«Телеарналардағы тіл мәселесі»](https://storage.yvision.kz/images/user/zhsabira/54KIA07EGXXrgySI5rok0zvaAsvwQy.jpg)

*«БІЗДЕ МИСЫЗ МИНИСТР, МИСЫЗ ӘКІМ, МИСЫЗ ДЕПУТАТ, МИСЫЗ ШЕНЕУНІКТЕР БОЛУЫ ЗАҢДЫЛЫҚ болса, онда БІЗ ҚАНДАЙ ЕЛМІЗ?* *Осы уақытқа дейін аю да қазақша үйреніп алар еді…»*

*Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.*

Елбасымыз бұл әйгілі сөзін бір жиында мемлекеттік тілді үйренуді қиынсынған өзге ұлт өкілдеріне қарата айтқан болатын…

Белгілі саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қорының төрағасы, әлеуметтік лингвистика ғылымының маманы, ғылым кандидаты Дос Көшім де бұл сөзін Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алматы қалалық бөлімшесі мүшелерінің, яғни өзге ұлт өкілдерінің алдында айтқан еді. Ол былтыр «Жас қазақ үні» газетінде жарияланды. Ал өзіміздің өз ана тілі мен мемлекеттік тілін білмейтін және білгісі келмей :«*Если вы мне не поменяйте мои мозги, мне казахский язык не выучить!»* деп анау-мынау емес, парламенттің алдында мәлімдейтін министрлерді қайтеміз? Онда олар екі есе „топас” болғаны ма? Осындай „топас” министрлерге, „жат” десе, жататын, „тұр” деп айтуды ұмытып кетсе, жата беретін біздің байғұс парламент: „қазақ тіліне миың жетпесе, қалай қазақ министрі боласың, орныңды босат!?” деп айта алған жоқ. Өйткені, парламентте де өз ана тілі мен мемлекеттік тілін білмейтін топастар мен қазақ тілі қабылданып кетуіне қарсы Тасбайлар аз емес…

 

Еліміздің бас газеті «Егемен Қазақтанда» біртуар қайраткер Шерхан Мұртаза: «Кімнің кім екенін білгің келсе, тек «Жас қазақ үні» газетін ғана оқып, біле аласыздар» десе, «Қазақ әдебиеті» газеті: «Жас қазақ үні» бір мақаласымен-ақ ұйқыдағы жұртты оятты» деп жазды сол кезде. Бұл біреулерге ұнаса да, ұнамаса да, ақиқаты осы. Тарихта қалған тізімдегі ана тілі мен мемлекеттік тіліне қарсы шыққан депутаттардың сүйегіндегі қара таңба ұрпақтарына кетеді.

![«Телеарналардағы тіл мәселесі»](https://storage.yvision.kz/images/user/zhsabira/h1TQ61lkX0jW8r2y716rVUr6UO4ki3.jpg)

Орыс тілділердің үстемдігі бет қаратпайды. Ашып айтарымыз, қазақ тіліне қарсы шығушылар, өзге ұлт өкілдері емес, өз өгейлеріміз. Мысалы, әкімдіктегі, министрліктегі, парламенттегі, ұлттық компаниядағы, т.б.

Біздің Жас ұрпақ қазірде телеарналар арқылы тәрбие алып, кино немесе бағдарламалар көріп өсіп жатыр. Сол арналарға келген үлкен шенді адамдарды біз бағдарламамыздың дәрежесі өссін деп шақырып жатады. Бірақ олар қазақша бағдарламаларға келгенде дұрыс сөйлемей жатады.

![«Телеарналардағы тіл мәселесі»](https://storage.yvision.kz/images/user/zhsabira/XP77PV5lVzh0wqZmQ0owYfLb4Stm0f.jpg)

Қорыта келсек, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп отырған мемлекеттік арналар мен басылымдардың болашағы шарықтай түссін демекпін.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/telearnalarda-y-til-m-selesi-691587](https://yvision.kz/kk/post/telearnalarda-y-til-m-selesi-691587)