---
title: "Tele 2: «Болашақта қазақ тілінде контентіміз көбейе түседі»"
description: "Қазақстанда бизнес жасап жүрген шетелдік мамандармен сұхбат құруды бұрыннан ойластырып жүргенмін. Д..."
author: "urimtal"
published: "2014-10-29T04:51:38+00:00"
modified: "2014-12-02T06:37:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tele-2-bolasha-ta-aza-tilinde-kontentimiz-k-beye-t-sedi-436484"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tele-2-bolasha-ta-aza-tilinde-kontentimiz-k-beye-t-sedi-436484/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Tele 2: «Болашақта қазақ тілінде контентіміз көбейе түседі»

> Қазақстанда бизнес жасап жүрген шетелдік мамандармен сұхбат құруды бұрыннан ойластырып жүргенмін. Д...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/urimtal/BckY12I37Umx2hU8M3K6fs4e02T3wN.jpg)

Қазақстанда бизнес жасап жүрген шетелдік мамандармен сұхбат құруды бұрыннан ойластырып жүргенмін. Достарыммен шағын бизнес бастап жатқан соң шетелдіктер тәжірибесі қызық. Әсіресе, үлкен компаниялардың ұзақ мерзімдік жоспарлары, бәсекелестермен қарым-қатынасы, маркейтинг тәсілдері т.с.с.

Tele 2 басшысымен кездесудің сәті түскен соң, Tele2 Қазақстан компаниясының басқарма төрағасы Пиетари Кивиккодан "Сіздер туралы басқа мобилді операторлар не ойлайды?" деп сұрадым. Себебі Tele2-нің маркетингтік қылықтары "тентек баланы" еске түсіреді.

**Сіздер туралы басқа мобилді операторлар не ойлайды?**

- Нарықтағы басқа ойыншылар біз тәрізді бағаны төмендетуді көздейтін бәсекелестің келгеніне қуанбайтын шығар. Әрі сөзсіз біз нарықтағы бағаны түсіріп жатырмыз.

**Қазақстанға барып жұмыс істейтініңізді білген кезде ең бірінші не туралы ойладыңыз?**

Алғаш рет бұл жоба туралы естігенімде бұның ұзақ мерзімге созылатынын бірден білдім. Себебі жаңа телекоммуникациялық нарықты қалыптастыруға бірнеше жыл керек.

**Негізгі тұтынушыңыздың келбетін сомдап беріңізші?**

Біздің негізгі тұтынушымыздың жасы отыздан төмен. Ақылды адам. Ол көп ақша жұмсамай өзінің қалағанына қол жеткізетін жан.

**Сіздердің бизнес стратегияларыңызда қазақ тілінің орны қандай?**

Әрине біздер барлық мәліметтерді екі тілде бірдей ұсынамыз. Болашақта аймақтық ерекшеліктерді ескеріп, қазақ тілінде контентіміз көбейе түседі деп ойлаймын.

**Қазақстандағы жас кәсіпкерлерге қандай кеңес айтар едіңіз?**

- Қазақстан көптеген мүмкіндіктер ұсынады.

- Жоспарды алысқа бағдарлап құрудың маңызы жоғары. Қысқа мерзімде жеңіске жетемін деп үміттенудің қажеті жоқ.

- Бизнесті мықты, жақсы іргетастың негізінде қалау керек.

- Сабыр сақтау керек. Себебі кедергілер міндетті түрде кездеседі

p.s. Шетелдіктердің Қазақстанға келіп бизнес жүргізуден қорықпайтыны ойлантты. Ал сіз жеке бизнес жүргізу туралы ойланып көрдіңіз бе?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tele-2-bolasha-ta-aza-tilinde-kontentimiz-k-beye-t-sedi-436484](https://yvision.kz/kk/post/tele-2-bolasha-ta-aza-tilinde-kontentimiz-k-beye-t-sedi-436484)