---
title: "Технологияның болашағы Майкрософт компаниясының қолында"
description: "Қазан айының 26сы куні Microsoft компаниясы өзінің жаңа өнімдерін бүкіл әлемге ұсынған болатын. Бұл ..."
author: "RakhmankulovRauan"
published: "2016-11-06T23:09:49+00:00"
modified: "2016-11-06T23:24:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tehnologiyany-bolasha-y-maykrosoft-kompaniyasyny-olynda-720033"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tehnologiyany-bolasha-y-maykrosoft-kompaniyasyny-olynda-720033/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Технологияның болашағы Майкрософт компаниясының қолында

> Қазан айының 26сы куні Microsoft компаниясы өзінің жаңа өнімдерін бүкіл әлемге ұсынған болатын. Бұл ...

Қазан айының 26сы куні Microsoft компаниясы өзінің жаңа өнімдерін бүкіл әлемге ұсынған болатын. Бұл презентацияға дейін Microsoft компаниясына сенбек түрлі, оны ұмытып қалған адамдарда болатын. Бұны да түсінуге болады, өйткені Microsoft компаниясы соңғы жылдары халықты "уау" деп таңғалдыратындай ештеңе жасап көрсетпеген. Алайда, бұл күні Microsoft компаниясы Google мен Apple компанияларын тыңдаушылардың басынан шығарып, Microsoft компаниясын қайтадан технологиялық алыптардың бәйгесіне оралғанын және де оларды озып түскенін көрсеткен болатын.

![Технологияның болашағы Майкрософт компаниясының қолында](http://storage.yvision.kz/images/user/rakhmankulovrauan/aInNNoA677jDHGeQ4ZTcW1O8V09rzK.png)

**Microsoft компаниясының презентациясының бірінші бөлігі Windows 10: жасампаздарға арналған жаңартуы деп аталады. Бұл Windows 10 жаңартуы үш бөліктен тұрады:**

- Виртуалды және аралас ақиқат

- 4к ажыратылымдағы ойындар

- Бас экрандағы әлеуметтік желі

Сіз интернет желісінде өз уйіңізге алғыңыз келген бір затты тапсаңыз, оны виртуалды және аралас ақиқат технологиясын қолдану арқылы сол зат сіздің уйіңізге жарасатындығын тексеруге болады.

![Технологияның болашағы Майкрософт компаниясының қолында](https://storage.yvision.kz/images/user/rakhmankulovrauan/h6J0TFUEzWe1rSm4uGmdLVEhlHrB77.jpg)

**Microsoft презентациясының екінші бөлігі Surface Book деген жаңа технологиялық өнімге арналған болатын.**

Технологиялық сипаттамасы:

Операциялық жуйе: Windows 10

Экран: 13.5 дюйм

Процессор: Intel Core I7

Оперативтік жад: 16 гб

Графиқалық жуйе: NVIDIA GEFORCE GTX965 (2гб GDDDR5)

Камера: 8 және 5 мп

Аккумулятор қуаты: 16 сағат

Бағасы: $2400 басталады

![Технологияның болашағы Майкрософт компаниясының қолында](https://storage.yvision.kz/images/user/rakhmankulovrauan/SFeB76UQ4804EJ4PHjMj409NrE43uF.jpg)

**Презентацияның соңғы бөлігінде Surface Studio деген толықтай жаңа технологиялық өнімді халыққа көрсетті.**

Технологиялық сипаттамасы:

Операциялық жуйе: Windows 10

Экран: 28 дюйм

Процессор: Intel Core I7

Оперативтік жад: 32 гб

Графиқалық жуйе: NVIDIA GEFORCE GTX980 (4гб GDDR5)

Камера: 5 мп

Аккумулятор қуаты: 16 сағат

Бағасы: $3000 басталады

![Технологияның болашағы Майкрософт компаниясының қолында](https://storage.yvision.kz/images/user/rakhmankulovrauan/IPnUrCq1LJ172gJ65Mzs1O9Y1IUnOi.jpg)

**Surface Studio** технологиялық өнімін жариялаған кезде презентацияға қатысып отырған журналисттер мен бүкіл адамдар бұл Apple компаниясының IMac деген өнімінің көшірмесі деп ойлаған болатын. Бірақ бұндай ойдын барлығы Surface Studio-ның экранын қолдың көмегімен астыға түсіргенде бір сәтте жойылып кетті. Бұдан кейін біз мүлдем жаңа, басқаларға ұқсамайтын инновациялық технологиялық өнім екеніне көзіміз жетті.

![Технологияның болашағы Майкрософт компаниясының қолында](https://storage.yvision.kz/images/user/rakhmankulovrauan/V14qwm0ulT2wnJIfiQk0qCCLHBBbqy.jpg)

Бұған қоса презентацияның үшінші бөлігінің соңына таман Microsoft компаниясы бәрімізге танымал компьютерлік тінтуірінің толықтай жаңадан жасалған түрін көрсетті. Бұл технологиялық өнім **Surface Dial** деп аталады. Бұл тінтуір бізге танымал жай тінтуірді толықтай ауыстырмай оның көмекшісі ретінде жүреді, өйткені Surface Dial-ды тек қана сенсорлік экранмен ғана қолдануға болады. Суретте көрсетілгендей бұл құралмен суретті жақындатуға, алыстатуға, бұруға, айналдыруға және де тағы да басқа заттар жасауға болады.

![Технологияның болашағы Майкрософт компаниясының қолында](https://storage.yvision.kz/images/user/rakhmankulovrauan/NVpaiJhMZ2Vf6CXPPdB3jD53WIF7dz.jpg)

**Презентация қорытыңдысы**

Көңілді презентация, инновациялық, әдемі және қызықты өнімдер- Microsoft компаниясын Apple мен Google-дың технологияларына табынатын адамдарды да таңдандырды. Осы презентациядан кейін Microsoft компаниясын технологиялық алыптардың бәйгесіне оралып қарсыластарынан аса түсті деп айтуға болады. Бірақ бұл өнімдердің өте үлкен бағасы үшін көптеген дамымаған елдерде үлкен сұранысқа йе болмауы мүмкін деп ойлаймын.

![Технологияның болашағы Майкрософт компаниясының қолында](https://storage.yvision.kz/images/user/rakhmankulovrauan/072EHIYyJi1qqYFK25vjHo4q356r2N.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tehnologiyany-bolasha-y-maykrosoft-kompaniyasyny-olynda-720033](https://yvision.kz/kk/post/tehnologiyany-bolasha-y-maykrosoft-kompaniyasyny-olynda-720033)