---
title: "«Театр – өмір айнасы»"
description: "Міне, ылғи да өз көрермендерін эстетикалық, рухани-мәдени лаззатқа кенелтіп келе жатқан осынау кірші..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2020-02-24T03:54:55+00:00"
modified: "2020-02-24T03:54:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/teatr-mir-aynasy-850551"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/teatr-mir-aynasy-850551/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Театр – өмір айнасы»

> Міне, ылғи да өз көрермендерін эстетикалық, рухани-мәдени лаззатқа кенелтіп келе жатқан осынау кірші...

![«Театр – өмір айнасы»](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/f6df937ff3ad998bf2b1d3dd80e0bc.jpg)

Міне, ылғи да өз көрермендерін эстетикалық, рухани-мәдени лаззатқа кенелтіп келе жатқан осынау кіршіксіз де киелі дүниежүзілік театр өнерінің тылсым кереметтерінің нағыз жан дауасына айналғанына 3000 жылдың бедері болыпты. Сол таңғажайыппен көрісіп-тілдесу үшін ұлы өнердің нұрлы да сырлы сахнасы қазақ театрының ғажайып әлеміне саяхат жасадық…

![«Театр – өмір айнасы»](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/7ecf75702b2ec55af2bdfe9b9d3336.jpg)

21 ақпанда Өнер жөніндегі әдебиеттер бөлімі Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының жиырма жылдық мерейтойына арналған «Театр – өмір айнасы» атты сұхбат-кездесу өткізді.

![«Театр – өмір айнасы»](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/eec995f4f975fd36e10881409d264e.jpg)

Осы кешіміздің Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қонысбек Бірмәнұлы Бекайдаров және ҚР "Мәдениет қайраткері” Досанова Ақдәмен Әбуәлиқызы қадірлі қонақтары болды.

![«Театр – өмір айнасы»](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/ff3e3accd2f0b89d6beead00259b48.jpg)

Іс-шара барысында музыкалық номер орындалып, театр тарихына тоқталып, театр актерларымен қызықты сұхбат өткізілді. Көрермендер актерларға өз сұрақтарын қойып, театр туралы толық мәлімет алып, жақсы көңіл күймен тарқасты. Қостанай театры туралы, театр актерларының өмірі туралы жазылған кітаптар мен журналдар қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды.

![«Театр – өмір айнасы»](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/1ccb10080e05e2d2d1576fd69ecf24.jpg)

https://photos.app.goo.gl/b4La3579AptejjbR7

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/teatr-mir-aynasy-850551](https://yvision.kz/kk/post/teatr-mir-aynasy-850551)