---
title: "«Тең мүмкіндіктер» жобасын таныстыру"
description: "2017 жылы 17 ақпанда сағат 15.00-де Қостанай облысының прокуратурасында «Тең мүмкіндіктер» жобасын ..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2017-03-28T22:32:57+00:00"
modified: "2017-03-28T22:32:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/te-m-mkindikter-zhobasyn-tanystyru-761601"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/te-m-mkindikter-zhobasyn-tanystyru-761601/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Тең мүмкіндіктер» жобасын таныстыру

> 2017 жылы 17 ақпанда сағат 15.00-де Қостанай облысының прокуратурасында «Тең мүмкіндіктер» жобасын ...

![1](https://storage.yvision.kz/images/user/deptruda-sockst/5PWmxMVaZ9U8oAbwI97zYn1p1FpI6A.png)

2017 жылы 17 ақпанда сағат 15.00-де Қостанай облысының прокуратурасында «Тең мүмкіндіктер» жобасын таныстыру өтті.

Қостанай облысының прокуратурасымен барынша мүгедектерді қорғауға бағытталған «Тең мүмкіндіктер» жобасы әзірленді.

Жобаны іске асыру кезеңі: 2017 жылдың ақпанынан бастап желтоқсанға дейін. Жобаның мақсаты барынша мүгедектерді әлеуметтік қорғау болып табылады. Жобаның міндеті қоғамға мүгедектерді жан-жақты етене араласуы үшін мүмкіндіктерді ұсыну, тәуелсіз өмір салтын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау, заңнамада ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Жобаның стратегиялық бағыты:
- мүгедектердің тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби қызметінде қабілетін қалпына келтіру, конституциялық құқықтарын толық іске асыру және олардың қоғамға етене араласуын жеделдету;
- әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектердің кедергісіз қолжетімділін қамтамасыз ету үшін жағдай құру;
- мүгедектерді жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруда жәрдемдесудің белсенді нысандарын дамыту.

Жобамен мүгедектердің өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шаралар қарастырылған.

Жобаны іске асыру барысында мынадай проблемаларды шешу күтілуде:
- мүгедектердің аса маңызды проблемаларын анықтау және олардың шешімі;
- мүгедектердің құқықтық мәдениетін арттыру;
- мүгедектердің еңбек құқықтарын қорғау және жұмысқа орналастыру;
- мүгедектердің әлеуметтік оңалту деңгейін арттыру және қоғамның барлық салаларындағы тең қол жетімділікті қамтамасыз ету;
- жағдайды талдау, ұсыныстарды әзірлеу, бұзушылықтарды жою.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/te-m-mkindikter-zhobasyn-tanystyru-761601](https://yvision.kz/kk/post/te-m-mkindikter-zhobasyn-tanystyru-761601)