---
title: "Теңіз жағасындағы кәсіпкерлер 15 ш/а орналасады"
description: "Теңіз жағасындағы кәсіпкерлер 15 ш/а орналасады 2 25 Ал, теңіз жағалауында велосипед пе..."
author: "DVD_Mangistau"
published: "2016-08-15T00:33:08+00:00"
modified: "2016-08-15T00:33:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/te-iz-zha-asynda-y-k-sipkerler-15-sh-a-ornalasady-707133"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/te-iz-zha-asynda-y-k-sipkerler-15-sh-a-ornalasady-707133/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Теңіз жағасындағы кәсіпкерлер 15 ш/а орналасады

> Теңіз жағасындағы кәсіпкерлер 15 ш/а орналасады 2 25 Ал, теңіз жағалауында велосипед пе...

# [Теңіз жағасындағы кәсіпкерлер 15 ш/а орналасады](http://mangystautv.kz/kz/news/society/teniz-zhagasyndagy-kesipkerler-15-sha-ornalasady#)

- [2](http://vk.com/share.php?url=http%3A%2F%2Fmangystautv.kz%2Fkz%2Fnews%2Fsociety%2Fteniz-zhagasyndagy-kesipkerler-15-sha-ornalasady&title=%D0%A2%D0%B5%D2%A3%D1%96%D0%B7%20%D0%B6%D0%B0%D2%93%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B%20%D0%BA%D3%99%D1%81%D1%96%D0%BF%D0%BA%D0%B5%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%2015%20%D1%88%2F%D0%B0%20%D0%BE%D1%80%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D0%B0%D0%B4%D1%8B%20%E2%80%94%20%C2%AB%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD-%D0%90%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%83%C2%BB%20%D2%B0%D0%BB%D1%82%D1%82%D1%8B%D2%9B%20%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%B0%D1%80%D0%BD%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D2%A3%20%D1%80%D0%B5%D1%81%D0%BC%D0%B8%20%D1%81%D0%B0%D0%B9%D1%82%D1%8B&description=&image=&utm_source=share2) - [25](https://www.facebook.com/sharer.php?src=sp&u=http%3A%2F%2Fmangystautv.kz%2Fkz%2Fnews%2Fsociety%2Fteniz-zhagasyndagy-kesipkerler-15-sha-ornalasady&utm_source=share2)

Ал, теңіз жағалауында велосипед пен балалар машинасын жалға беру үшін арнайы орын бекітілді. Енді кәсіпкерлер 15-шағын аудан тұсындағы кең аумаққа орналаса алады. http://mangystautv.kz/kz/news/society/teniz-zhagasyndagy-kesipkerler-15-sha-ornalasady

0:44

1:14

23:27, 9 тамыз 2016 150

Бұл ақпаратты Ақтау қалалық мәслихатының төртінші сессиясында есеп берген жергілікті полиция қызметінің басшысы Омар Тасқымбаев мәлім етті. Кәсіпкерлерге қойылатын шектеу де бар. Жалға беретін ойыншықтар саны бесеуден аспауы тиіс. "Ақбота" бағы мен "Ынтымақ" алаңынан да арнайы орын ұсынылып отыр. Сондай-ақ, жуырда 27-шағын аудан аумағынан осындай мүмкіндік қарастырылмақ. Айта кетейін, жаз басталғалы жергілікті полиция теңіз жағалауынан 125 құрал-жабдықты тәркіледі. Оның ішінде велосипед те, балалардың ойыншық көліктері де, тәттілер дайындайтын аппараттар да болды. Омар Тасқымбаев - ІІБ жергілікті полиция басшысы *Осы жағдай бойынша 32 кәсіпкерге салық комитетімен іс қаралып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Енді жақыннан бастап, 15-шағын ауданда жағалау арнайы әрбір кәсіпкерге бөлініп беріледі. Қазір 12 кәсіпкер тіркеуге алынды.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/te-iz-zha-asynda-y-k-sipkerler-15-sh-a-ornalasady-707133](https://yvision.kz/kk/post/te-iz-zha-asynda-y-k-sipkerler-15-sh-a-ornalasady-707133)