---
title: "Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)"
description: "Көптеген елдерде тюрбан символикалық мәнге ие және оны тек нақтылы ниетпен тағады, оның ішінде діни ..."
author: "Burkhanova"
published: "2017-12-26T09:18:18+00:00"
modified: "2017-12-26T10:44:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/te-demi-tyurban-izdep-zh-rse-iz-790783"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/te-demi-tyurban-izdep-zh-rse-iz-790783/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)

> Көптеген елдерде тюрбан символикалық мәнге ие және оны тек нақтылы ниетпен тағады, оның ішінде діни ...

Көптеген елдерде тюрбан символикалық мәнге ие және оны тек нақтылы ниетпен тағады, оның ішінде діни негізде. Сонымен қатар, оны тағу тәсілдері де әртүрлі.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/d6533d416a9e2ce705898ee803035a.jpg)

Дегенмен, бүгінде тюрбанды діни сеніміне және нақтылы амалдарына байланыссыз кез келген адам таға алады.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/f95f85a0c6d1831e3080011374ef0a.jpg)

Және бұл бас киім кез келген матадан, кез келген түстегі орамалдан байланады.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/91f0d4257314774eb08b4f30804ccc.jpg)

Тюрбандарға көптен бері қызығушылығым артып жүрген еді. Содан бір күні мен өзім үшін өте әдемі тюрбан сататын орынды таптым :)

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/a147dc754a349d437969013a80cbe5.jpg)

Ол Алматы қаласындағы Turban Style брендімен танымал тюрбандар желісі.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/dad4b4ddf91b076047870c29c5d099.jpg)

Бұл бренді Нурия есімді алматылық ару кәсіп бастап, халыққа қызмет көрсету мақсатында ашқан екен. Осы желтоқсан айының 28-і күні аталған дүкен желісіне тұп-тура 1 жыл толады еді.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/0ef31956a80b20fde84c84992118f8.jpg)

Жаңа жылға тұспа-тұс келгендіктен, қарабаласқа қалмайық деп аталған жұмыс орны 1 жылдықтарын өткен сенбіде атап өткен болатын.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/af2926ad90a612d40c05b83b55197d.jpg)

Бұл күні Нурия ханым барлық келушілерге есігін айқара ашып, түрлі сыйлықтар ұсынумен қатар, арнайы жасалған тортпен фуршет те ұйымдастырған еді.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/57c6d51b6c00d0275204daaf1b48a1.jpg)

Нурияның тюрбандары бірінен-бірі өтетіндей әдемі екен :)

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/ed74a757002753f8681ce920c2fa90.jpg)

Бұл жерден жасыңызға, қызметіңізге қарай сәнді де, сапалы түрлі тюрдандарды таба аласыз:)

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/1f95149e3de5a1609134f732cf9c6f.jpg)

Тюрбанды жазда ыстық күннен қорғану үшін, ал қыста жел мен суықтан қорғану үшін тағу мүмкіндігі бар.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/bf4862739d404748ef5422f6a05261.jpg)

Қазірде тюрбанды мойынға тағатын көлемді әшекейлермен үйлестіру ерекше сәнде.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/b3bbf757340fb77ecb5c9c26411b94.jpg)

Егер өзіңізге жарасатын түс пен тығыздығы сәйкес матаны пайдаланып, тюрбан тақсаңыз бейнеңіз сәнді әрі заманауи көрінетін болады.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/00eee86812fea2ff3277841096b811.jpg)

Мұндай сәнді бұйым нәзік жанды арулардың биязылығы мен биік талғамын айқындай түседі.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/e2eb2b18cc61b4a4c6f12373fb1f64.jpg)

Бұл бас киімді түрлі маталар немесе орамалдардан байлауға болады. Егер сіз жібек немесе жеңіл мата таңдасаңыз, тюрбан байлау қиынға түседі, өйткені ол сырғанай беретін болады.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/54b26ad3efb373471eb8e5b7e178ea.jpg)

Егер мата жұқа болса – тюрбан кішкентай әрі нәзік болып шығады. Бірақ бас пішіні кішкентай аруларға осы үлгі жарасады.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/cbbb60c6df12e383a5684bebb2c34f.jpg)

Туған күніңмен, Тюрбан стайл:)

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/dffa3b2e17b92a23e219868747dd8c.jpg)

Тығыз немесе ұзын матадан немесе орамалдан көлемді тюрбан байлауға болады.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/51a729272a648306113ae7f6ba720a.jpg)

Нурияның тюрбандары жоғары сапалы болғандықтан, түтілмейді әрі сырғанап кетпейтініне көзім жетті.

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/89ed49b16dd562ddf16f442a649775.jpg)

Кез келген түсі кез келген өлшемде табылады:)

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/21033488a992c77f3b70a5e75732f1.jpg)

Нурияны инстаграмм желісінен Turban style нигі арқылы тауып, жазылып тапсырыс берулеріңізге болады:)

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/d032a15c1f0c2281cec39d4ebfe86d.jpg)

Егер сізге ұнаса, инстаграмм желісі арқылы басқа да жұмыстарын көріңіздер:))

![Өте әдемі тюрбан іздеп жүрсеңіз:)](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/9b97d5148998926745b0687ecd63f1.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/te-demi-tyurban-izdep-zh-rse-iz-790783](https://yvision.kz/kk/post/te-demi-tyurban-izdep-zh-rse-iz-790783)