---
title: "Тазалық- денсаулық кепілі,тазалық өзіңнен басталады"
description: "Сенбілік-туған өлке табиғатының әдемілігі мен сән-салтанатын арттыратын, тазалығы мен тәртібін қалып..."
author: "zhylyoi.nurotan.kz"
published: "2020-11-26T14:26:36+00:00"
modified: "2020-11-26T14:26:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tazaly-densauly-kepili-tazaly-zi-nen-bastalady-880014"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tazaly-densauly-kepili-tazaly-zi-nen-bastalady-880014/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тазалық- денсаулық кепілі,тазалық өзіңнен басталады

> Сенбілік-туған өлке табиғатының әдемілігі мен сән-салтанатын арттыратын, тазалығы мен тәртібін қалып...

Сенбілік-туған өлке табиғатының әдемілігі мен сән-салтанатын арттыратын, тазалығы мен тәртібін қалыптастыратын игі үрдістің бірі. Осындай игі шараларға аудан тұрғындары бей-жай қарамай ,жастардың белсенділік танытып ат салысуы өте маңызды мәселе. Себебі, өскелең ұрпақ сенбіліктей игі бастаманың маңыздылығымен қоса күнделікті өмірде жүріп-тұру, демалу барысында әрдайым тазалық сақтап жүру керектігін, және оны өзгеге үлгі ету сынды жағымды істері арқылы табиғат анаға, туған өлкеге деген ықылас-ниетін құрметін білдіру екенін санасына тоқып, тәрбиеленеді. Бүгін осындай тазалық шарасына жүрек қалауымен шыққан ЖасҰрпақҚұрылыс ұжымы "Таза аула-Таза аудан!" ұранымен сенбілікке шығып, аудан көшелерінің ауласын түрлі қоқыстан тазартуға бел буды. Үлгі болар ұжым бастаған шараның басты мақсаты: Табиғатты қорғау, экологияны қорғаумен жалпы қала тұрғындарының назарын тазалық жұмыстарына аудартып, тазалық өзімізден ғана басталатыны сана-сезіміне құя отырып , олардан қаламызды көркейтуге, табиғатты аялауға шақыру. Игі бастама жалғасы Жылыой аудандық мәдениет бөлімі ұжымына жолданады!!!📷📷📷📷 #табиғаттықорғаубіздіңбастыміндетіміз #тазааулатазааудан #құттымекенКеңЖылыой

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tazaly-densauly-kepili-tazaly-zi-nen-bastalady-880014](https://yvision.kz/kk/post/tazaly-densauly-kepili-tazaly-zi-nen-bastalady-880014)