---
title: "Тайынша ауданында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру"
description: "Ағымдағы жылғы 10 шілдеде СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен Тайынша ау..."
author: "finpolsko"
published: "2015-07-14T22:47:56+00:00"
modified: "2015-07-14T22:47:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tayynsha-audanynda-k-sibi-memlekettik-apparatty-alyptastyru-521776"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tayynsha-audanynda-k-sibi-memlekettik-apparatty-alyptastyru-521776/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тайынша ауданында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру

> Ағымдағы жылғы 10 шілдеде СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен Тайынша ау...

![Тайынша ауданында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/va5E8E4W7wScK1j7tvIeh2xZRp2iJ1.jpg)

Ағымдағы жылғы 10 шілдеде СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен Тайынша ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнаманы, қазынашылық қызмет көрсету саласындағы жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын-алуды түсіндіру жөнінде мемлекеттік қызметшілерге арналған құқықтық семинар өтті.

![Тайынша ауданында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/f00l2UU7NDAJ7kRfxe5r2hQ6J56YuR.jpg)

Семинарға СҚО бойынша ҚР БП құқықтық статистика және арнайы есеп бойынша комитеті басқармасының қызметкерлері, селолық округтер әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары, селолық округтер әкімдерінің аппараты және бөлімдерінің мамандары қатысты. Барлығы 90 адамнан астам. Іс-шараға қатысушылар мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, «Айқын» жобасын жүзеге асыру аясында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу туралы, сонымен қатар мемлекеттік мекемелерде қазынашылық қызмет көрсету және ауданның мемлекеттік сыңайлы секторындағы субъектілері саласындағы жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу мен күресу туралы мәселелерді талқылады.

![Тайынша ауданында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/5O0dKAb1uSNPS7bk2pkYQoqjMLiZDe.jpg)

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы семинарға қатысушыларды 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттары, Ұлт жоспары – 100 нақты қадам, Департаменттің қызметі және мақсаты, облыс азаматтары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы имунитетті қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстармен таныстырды.

![Тайынша ауданында кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Lox9HLkRINPgZKX442qtNJ8vI2E5h8.jpg)

Жиын соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы әзірленген бейне роликтер көрсетілді. Іссапар барысында Департамент қызметкерлері Тайынша ауданы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ауданаралық бөлімінің жұмысымен танысты. Кездесуде 2015 жылдың екінші жарты жылдығына арналған аудан тұрғындары арасында нөлдік төзімділікті қалыптастыру бойынша іс-шаралар жоспары талқыланды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tayynsha-audanynda-k-sibi-memlekettik-apparatty-alyptastyru-521776](https://yvision.kz/kk/post/tayynsha-audanynda-k-sibi-memlekettik-apparatty-alyptastyru-521776)