---
title: "Тайваньда енді не болмақ?"
description: "Тайвань халқы күні кеше өз президентін сайлап алды. Әлемнің түрлі елдеріндегі жоғарғы билік..."
author: "orazali"
published: "2024-01-15T02:30:35+00:00"
modified: "2024-01-15T02:32:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tayvanda-endi-ne-bolma-999875"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tayvanda-endi-ne-bolma-999875/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тайваньда енді не болмақ?

> Тайвань халқы күні кеше өз президентін сайлап алды. Әлемнің түрлі елдеріндегі жоғарғы билік...

Тайвань халқы күні кеше өз президентін сайлап алды. Әлемнің түрлі елдеріндегі жоғарғы билік өкілдері сайлауда жеңіп шыққан Лай Циндэні құттықтап та тастады.

![Тайваньда енді не болмақ?](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/fd295cc5c4243b4ccfc276542013e0.jpg)

Бірақ ресми Бейжің бұны, әрине, үй ішінен үй тігу деп қабылдайды. Өйткені Тайвань Қытай құрамындағы аймақ болып саналады. Соған қарамастан кейбір елдердің (әсіресе, батыстағылар) оны қолдап отырған жайы бар.

Ал өз елімізге келсек, Қазақстанның бұл тұрғыдағы ұстанымы айқын. Ресми Астана «бір Қытай» ұстанымын қолдайды әрі Тайваньды ҚХР-дың ажырамас бөлігі деп санайды.

Сонымен қатар Қазақстан Қытай Халық Республикасы үкіметінің елдің бейбіт түрде қайта қауышуына күш салғанын қолдайды.

Ал енді президентін сайлап алған Тайваньға не болатынын уақыт көрсетеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tayvanda-endi-ne-bolma-999875](https://yvision.kz/kk/post/tayvanda-endi-ne-bolma-999875)