---
title: "Тайландта өтетін Азия біріншілігіне баратын жасөспірім балуан қыздар белгілі болды"
description: "wrestling.kz сайтының суреті Тайландтың Пкухет қаласында өтетін Азия біріншілігіне еркін күрест..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-06-10T22:19:05+00:00"
modified: "2013-06-10T22:19:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/taylandta-tetin-aziya-birinshiligine-baratyn-zhas-spirim-baluan-yzdar-belgili-boldy-356926"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/taylandta-tetin-aziya-birinshiligine-baratyn-zhas-spirim-baluan-yzdar-belgili-boldy-356926/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тайландта өтетін Азия біріншілігіне баратын жасөспірім балуан қыздар белгілі болды

> wrestling.kz сайтының суреті Тайландтың Пкухет қаласында өтетін Азия біріншілігіне еркін күрест...

[!\[Тайландта өтетін Азия біріншілігіне баратын жасөспірім балуан қыздар белгілі болды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/04742cdcb159501de13611f8d4ac10cd-300x225.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/06/04742cdcb159501de13611f8d4ac10cd.jpg) wrestling.kz сайтының суреті

 

Тайландтың Пкухет қаласында өтетін Азия біріншілігіне еркін күрестен қатысатын балуан қыздардың тізімін спорт сайты [alasharena.kz](http://alasharena.kz/) жариялады.

Тайландтың күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталады. Маусымның 13-16 аралығында өтетін сайысқа еркін күрестен қатысатын балуан қыздардың құрамы мыналар:

44 келі – Мәдина Бақдәулет (ҚЧ күміс жүлдегері)

48 келі –Назгүл Нұрахан (ҚЧ қола жүлдегері)

51 келі – Кристина Яловенко («Флатс Оупен» турнирінің жеңімпазы, ҚЧ жеңімпазы)

55 келі – Айгүл Нұрәлім (ҚЧ қола жүлдегері)

59 келі – Аяулым Қасымова (ҚЧ қола жүлдегері)

63 келі – Екатерина Ларионова (ҚЧ жеңімпазы)

67 келі – Ирина Казюлина (ҚЧ жеңімпазы)

72 келі – Гүлмарал Еркебаева (ҚЧ күміс жүлдегері)

Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек,қыздарды Тайландқа аға бапкер Болат Нұрмахамбетов бастап апарады.

Былтыр Алматыда өткен Азия чемпионатында еркін күрестен Қазақстан қыздар құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдемен жалпыкомандалық есепте 3-і орынға табан тіреді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/taylandta-tetin-aziya-birinshiligine-baratyn-zhas-spirim-baluan-yzdar-belgili-boldy-356926](https://yvision.kz/kk/post/taylandta-tetin-aziya-birinshiligine-baratyn-zhas-spirim-baluan-yzdar-belgili-boldy-356926)