---
title: "«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері инклюзивті театр жобасын жүзеге асырды"
description: "Атырау қаласында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында жүзеге асырылған «Күн» атты инклюзивті театр жобасының тұсаукесері өтті.Театр ..."
author: "journalist_n"
published: "2025-05-20T12:20:09+00:00"
modified: "2025-05-20T12:20:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tauelsizdik-urpaktary-grantynyn-iegeri-inklyuzivti-teatr-zhobasyn-zhuzege-asyrdy-1014145"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tauelsizdik-urpaktary-grantynyn-iegeri-inklyuzivti-teatr-zhobasyn-zhuzege-asyrdy-1014145/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері инклюзивті театр жобасын жүзеге асырды

> Атырау қаласында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында жүзеге асырылған «Күн» атты инклюзивті театр жобасының тұсаукесері өтті.Театр ...

**Атырау қаласында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында жүзеге асырылған «Күн» атты инклюзивті театр жобасының тұсаукесері өтті.**

![«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері инклюзивті театр жобасын жүзеге асырды](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/536fcf0109aff11dd45f3c971a59f1cc.jpg?width=1080&height=720)

Театр әртістері – Даун синдромы бар, жасы 16-дан асқан балалар. М. Өтемісов атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры сахнасында шығармашылық ұжым Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Бала күннің бояуы» атты концерттік қойылым ұсынды. Сонымен қатар жас өнерпаздардың қатысуымен сән көрсетілімі де ұйымдастырылды.

![«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері инклюзивті театр жобасын жүзеге асырды](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/42b00728e98c119af2d0e0677489bb3d.jpg?width=1080&height=720)

Жобаның авторы – Атырау қаласының тұрғыны Әнел Маратова. Ол 2024 жылы республикалық «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын жеңіп алып, ерекше балаларды өнер мен театр арқылы қоғамға бейімдеуді мақсат еткен.

![«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері инклюзивті театр жобасын жүзеге асырды](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/de19f6cf6a84290d6dd1bc433a87072a.jpg?width=1080&height=720)

«Күн» театралдық жобасында 14 өнерпаз бар. Олар апта сайын екі рет актерлік шеберлік, үш рет хореография сабағына қатысады. Шығармашылық ұжымның алдағы жоспары – елімізде және шетелде гастрольдік сапарлар ұйымдастыру.

![«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегері инклюзивті театр жобасын жүзеге асырды](https://storage.yvision.kz/images/user/580804/d8a0f0c63044a3e9141068def1357794.jpg?width=1080&height=720)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tauelsizdik-urpaktary-grantynyn-iegeri-inklyuzivti-teatr-zhobasyn-zhuzege-asyrdy-1014145](https://yvision.kz/kk/post/tauelsizdik-urpaktary-grantynyn-iegeri-inklyuzivti-teatr-zhobasyn-zhuzege-asyrdy-1014145)