---
title: "Тау-теңгеде тіркелу"
description: "Қазіргі таңда ғаламтор біздің өмірімізге толықтай енді. Электронды салада істемес бұрын, электронды..."
author: "Mairushaaa"
published: "2015-04-03T03:50:03+00:00"
modified: "2015-04-03T03:50:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tau-te-gede-tirkelu-487746"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tau-te-gede-tirkelu-487746/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тау-теңгеде тіркелу

> Қазіргі таңда ғаламтор біздің өмірімізге толықтай енді. Электронды салада істемес бұрын, электронды...

Қазіргі таңда ғаламтор біздің өмірімізге толықтай енді. Электронды салада істемес бұрын, электрондық ақша деген не немесе қалай қолданылатынын білмегенмін. Бүгінгі күнде электрондық ақша саласында істеп жүргеніме бір жылдай болды. Бір жыл ішінде біліп шыққаным жетерлік, осы пост менің алғашқы жазбам. Өз ойыммен бөлісіп және ақпараттық құралдармен бөліскім келеді. Ең бастапқысы, бірегей әмиянға ие болу немесе қалай тіркелу керектігін айта кетейін.

Электронды ақшаға ие болу үшін, сіз ең алдымен электронды ақша сайтына тіркелуіңіз қажет. Бірегей әмиян немесе электронды ақша туралы ақпаратты осы жазбада қысқаша айтып өтейін.

Алдымен сайтта тіркелу үшін www.tau.kz сайтына өтіңіз. Бұл сайт сізді автоматты түрде [www.walletone.com](http://www.walletone.com) сайтына аударады, себебі біз бүкіл әлемдік компанияның қазақстандық өкіліміз.

![Тау-теңгеде тіркелу](https://lh3.googleusercontent.com/UOyPU9I5_OybWfmd1Od2LO4zMYQl9P0eVxtocLyP2KyZw7iO8OtcE44qlahInA5Jhx71-qiTv8RBbMtekR5XSoMwmUPtVHaEDHAwj9ArFXuB1W_OpyWRaR1La1FSgHYXSLgqbA)

Сайтымызға кірген соң, экранның сол жақ бөлігіндегі “Тіркелу” (Регистрация) батырмасына шертіңіз. Сізге “Жаңа әмиянды тіркеу” терезесі шығады. Бұл жерде тіркелудің екі түрлі әдісі бар: ұялы телефон арқылы немесе электронды пошта арқылы. Ұялы телефон нөмірін көрсеткен соң, сіздің ұялы телефоныңызға құпия сөз келеді, сол код арқылы “Жеке кабинетке” оңай кіре аласыз.

![Тау-теңгеде тіркелу](https://lh5.googleusercontent.com/F5G1F5Q0xUy9sNBLUZiYqnxvwz04zA4_TGKAAo-xwyD75OKWe3D2OqENoryx8Uqxur18VmXLBffyksOls0_WMKUrBiaIGJFZ1V9HGaTWLM_Gmoa3cnWrKhguM1CLXq1Yhe6n0g)

“Жеке кабинетте” отырып түрлі онлайн төлемдерді жасай аласыз. Мысалы: Электронды ақшаңызды басқа әмиянға аударуға, коммуналдық қызметтер мен әр түрлі байланыс операторларына төлем жасауға немесе интернет-дүкендерден тауарларға тапсырыс беруге болады. Бұл өте оңай әрі ыңғайлы.

![Тау-теңгеде тіркелу](https://lh3.googleusercontent.com/bl30AJMztdXp3gYPEkD7izyGc5NABlziVVqC9ilRU1JX_kIU5vMog6kb-KM1eT3boHTpwhueu-Zxou01BP5bZmmzP_bmvzM5egjUhP9FDz_bEJ9rB2IESWqHn13-c9qyqz6bLA)

Сіздің әмияныңызда қаражат болуы үшін, сіз Қазақстандағы барлық төлем терминалдары арқылы немесе банк карталары (Visa, Mastercard) арқылы ғана толтырып қоймай, әлемге әйгілі Webmoney, ЯндексДеньги арқылы оңай толтыра аласыз.

![Тау-теңгеде тіркелу](https://lh4.googleusercontent.com/BFDDvwOJ9Lhr-jRkRmgUQKbZpcUDJstU4IGQEkzpR1BXy3i2e5ik75lkVkAjiMPFyAgW7fvQpt3JpapAmtXccm_LJeiLY-RCxQikGohzxFwC5yr0T21pPTUq6RpZetBIBXDQjw)

Құрметті пайдаланушылар және электронды ақшамен жұмыс жасайтындар, Тау-теңгені пайдаланыңыз! Тау-теңгемен төлем жасау арқылы, уақытыңызды тиімді қолданыңыз. Бұл - өте ыңғайлы, әрі тиімді қызмет түрі.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tau-te-gede-tirkelu-487746](https://yvision.kz/kk/post/tau-te-gede-tirkelu-487746)